AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Белградтан Алматыға: Ұлы даланың Мәдени мұра әлемі...

Белградтан Алматыға: Ұлы даланың Мәдени мұра әлеміне саяхат

Не? Қайда? Қашан? 20.12.2024, 12:09 1,341
Белградтан Алматыға: Ұлы даланың Мәдени мұра әлеміне саяхат
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Белград қаласы музейлерінің құрамына кіретін Ханшайым Любица сарайында Алматы қаласы тарихы музейінің «Ұлы даланың мәдени мұрасы» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Көрмеге Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі қорынан 220-дан астам экспонат қойылды. Экспозиция негізін қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрлері, қолданбалы өнері туралы баяндайтын этнографиялық артефактілер құрайды.

Көрменің ашылуына Сербия Президенті Александр Вучичтің жұбайы Тамара Вучич ханым, Сербия Президентінің мәдени мәселелер жөніндегі кеңесшісі Деян Савич мырза, Сербияның саяси тұлғалары, дипломатиялық корпус, академиялық және ғылыми топтардың өкілдері, қоғамдық ұйымдардың басшылары, мәдениет қайраткерлері және БАҚ қатысты.

Қазақстан Республикасының Сербиядағы елшісі Мәди Атамқұлов өз сөзінде Ұлы дала халқының тарихы мен мәдениетін, көшпелі өркениет дәстүрлерін, тұрмысын, қазақ көшпенділерінің философиясы мен дүниетанымын таныстыру болып табылатынын атап өтті.  Ұлы дала халқының тарихы мен мәдениетін бейнелейтін Балқан түбегінде алғаш рет ұйымдастырылған көрме екенін атап өтті.

Көрме 12 қаңтарға дейін жалғасады.

Бұған дейін Алматы қаласы музейлер бірлестігі Алматы әкімдігінің қолдауымен халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Италия, Австрия, Түркия, Оңтүстік Корея, Прага, Венгрияда көрме өткізіп, Францияда Ұлттық ескерткіштер орталығы және Сингапурдың Ғылыми орталығында Бірлестік қызметкерлері біліктіліктерін арттырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ұлы дала #Ханшайым Любица
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);