Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Белгілі композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды

Белгілі композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды

Өмір-өзен 24.01.2023, 07:11 2,597
Белгілі композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Сурет: Sputnik.kz

Ол 1974 жылы Орал қаласында дүниеге келген.


Әріптестерінің жазуынша, музыканттың жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Арман Дүйсенов - белгілі композитор, музыкант, әнші, продюсер, тележүргізуші, талай қазақша хиттердің авторы. Оны әріптестері әлемдік классикалық музыка, фольклорлық этнография, эстрадалық музыка сияқты бірнеше бағытта кәсіби музыкалық білім алған Қазақстанның заманауи композиторларының бірі деп, жоғары бағалайды.


Арман Дүйсеновтің, әсіресе, Алтынай Жорабаева орындайтын «Ағажан» әні мен Динара Қырықбаева шырқайтын «Ұстазым» әні көпке танымал. Мектеп оқушылары «Ұстазым» әнін әлі де орындап жүр. Сонымен қатар композитордың «Фотограф», «Сен», «Мәңгілікке», «Бақыт таңы», «Үміт арман», «Сен ғана» әндері де белгілі.



Музыканттың шығармашылық жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен XXII Республикалық жас орындаушылар байқауында жеңімпаз атанғаннан кейін басталды. Сол жылы дирижерлер Т.Әбдірашев пен Ю.Дороховскийдің жетекшілігімен симфониялық оркестр құрамында Швейцария қалалары мен Лихтенштейн Князьдігіне халықаралық гастрольдік сапарға қатысты. 1995 жылы «Достар» поп-джаз-рок тобының жетекшісі бола жүріп, Республикалық «Жас-Қанат» байқауында «Халық таңдауы» сыйлығының иегері атанды. 1992-1996 жылдар аралығында ол жыл сайын Байройттегі (Германия) халықаралық Das Treffen фестиваліне қатысады. Онда әлемнің 42 елінің өкілдері қатысатын симфониялық оркестрде үш рет Гран-при лауреаты және топтың сүйемелдеушісі болды.



1997 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасының халық артисі Райымбек Сейтметов негізін қалаған «Өнер» факультетінің «Музыка және орындаушылық өнер» кафедрасында сабақ берген. Содан кейін Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік Х.А.Университетінде Асанәлі Әшімов, Рахманқұл Бердібаев, Бағыбек Құндақбаев, Әшірбек Сығаевтармен бірге республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары атанған жас талантты әншілер мен актерларды тәрбиелеуге атсалысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#арман #композитор #музыкант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика