конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Белгілі журналист Мұхтар Түменбайды ақтық сапарға...

Белгілі журналист Мұхтар Түменбайды ақтық сапарға шығарып салды

Барлығы 23.07.2025, 16:52 657 Дина
Белгілі журналист Мұхтар Түменбайды ақтық сапарға шығарып салды
Сурет: aqshamnews.kz

Бүгін, 23 шілдеде Алматы жұрты белгілі журналист Мұхтар Түменбайды ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды аqshamnews.kz тілшісі. 

Астанада басталған Мұхтар Түменбаймен қоштасу рәсімі Алматыда жалғасты. 22 шілдеде өткен қонақасында Мемлекеттік кеңесші  Ерлан Қарин, Президенттің кеңесшісі Бауыржан Омаров бастаған зиялы қауым өкілдері, жазушылар, БАҚ басшылары сөз сөйлеп, Мұхтар Жақсылықұлының қысқа ғұмырда атқарған істерін, азаматтық белсенділігін атап өтті. 

Бүгін,  23 шілдеде Алматының Бас мешітінде марқұмның жаназасы оқылып, Кеңсай-2 зиратына жерленді.  

Жаназадан кейін берілген асқа Мұхтар Түменбай дүниеге келген Қызылорда облысынан арнайы делегация келді. Облыс әкімінің, Арал ауданының, Сазды ауылынан көңіл айтылды. Сондай-ақ, саясаткер Қуаныш Сұлтанов, Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов пен әріптестері марқұм жайлы естеліктерін бөлісіп, Абай облысының әкімі Берік Уәли мен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының туған-туысқандарына көңіл айту хаты оқылды. 

Еске салайық, 21 шілдеде белгілі журналист Мұхтар Түменбайдың  55 жасқа қараған шағында жүректен қайтыс болғаны хабарланған болатын. Ол - белгілі жазушы Жақсылық Түменбаевтың ұлы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Еңбек жолында бірқатар басылым мен республикалық телеарналарда қызмет атқарған. «Qazaqstan» телеарнасындағы «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі ретінде көрерменге кеңінен танылды. Сондай-ақ ол - «Мәншүк. Әкеге араша түскен қыз», «Төрт қайсар», «Әлия. Ерлік алгоритмі» сынды соғыс қаһармандарына арналған деректі фильмдердің авторы еді. Ұлттық мүддені жоғары қоятын журналист ретінде қоғамдағы көптеген өзекті мәселелерді өткір көтеріп, жұртшылық ілтипатына бөленіп жүретін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұхтар түменбай #журналист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Кеше 18:06

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:38

Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Кеше 17:33

Евгений Данилов пен Богдан Бобров РПТ турнирінің күміс жүлдегерлері атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);