Қазақ мәдениеті мен этнографиясының көрнекті зерттеушісі, жазушы, публицист Болат Бопай өмірден өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz
Болат Бопай – ұлттық мұраны насихаттауда, қазақтың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін зерттеуде өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Ол өмірінің көп бөлігін қазақ этнографиясын зерттеуге, көне дәстүрлерді қайта жаңғыртуға арнап, ұлт руханияты үшін талмай еңбек етті.
Жазушының еңбектері халықтың мәдениетін, тұрмыс-салтын, көшпелі өркениеттің ерекшеліктерін тереңнен таныстырып, өскелең ұрпаққа тарихи таным беруді мақсат етті. Ол өзінің зерттеулері арқылы ата-бабамыздың өмір сүру салтын, ұлттық киім, тағам мәдениеті, тұрмыстық заттар мен қолөнер ерекшеліктерін қайта жандандыруға тырысты.
Болат Бопайдың шығармалары мен мақалалары оқырманға қазақ халқының ұлттық болмысын терең түсінуге мүмкіндік берді. Оның еңбектері көптеген зерттеушілер мен этнографтар үшін құнды дереккөзге айналды.
Болат Бопайұлы 1960 жылғы 1 қаңтарда ҚХР Шыңжаң өлкесіне қарасты Алтай аймағының Көктоғай ауданында дүниеге келген.
1967-1977 жылдары Көктоғай ауданында қазақ тілінде бастауыш, ортау және орта мектептерде оқыды.
1978 -1081 жылдары Шынжаң «Дене тəрбие саңлағы» Журналында жауапты редактор болып қызмет атқарды.
1982-1986 жылдары Күйтін қаласындағы Іле педагогикалық Институтының Қазақ тілі мен Əдебиеті Факультетінде оқып, білім толықтырды.
1986-1992 жылдары Үрімжі қалалық 36-орта мектепте Қазақ тілі мен Əдеиетінен сабақ беріп, Оқытушылық міндет атқарды. Əдебиет бөлімінің меңгерушілік міндетін қоса өтеді.
1993-1994 жылдары Шынжаң жастар-өрендер баспасында қазақ редакциясының бөлім меңгерушісі "Ғылым бұлағы" журналының жауапты редакторы болды.
1995-1998 жылдары ҚР Алматы қаласындағы КАЗМУ дың Қазақ əдебиеті мен теворясы факултетінде Аспирант болып оқыды.
1999-2004 жылдыры Қазақ радиосы шалқар бағдарламасында редақторлық міндет өтеді.
2005-2012 жылға дейін жеке шығармашылықпен шұғылданды.
2013-2018 жылдары Қазақстан телеарнасының "Айтуға Оңай" токшоуының бас кеңесшілік міндетін атқара жүріп, сценарийін жазды.
2019-2020 жылдары Алматы қалалық лицейінде қазақ əдебиетінен сабақ берді.
Болат Бопайұлы 11 жасында қолына қалам алып шығармалар жаза бастады.
Шығармашылығы:
«Сөз саралау өнері» атты ғылыми-зерттеу кітабы (1995)
«Ақыт ақиқаты» атты монографиялық еңбегі (2000)
«Қазақ кәделері» (2000)
«Асыл қазына» (2002)
«Қазақ кәделері» (2003)
«Қазақтың алғыстары мен қарғыстары» (2003)
Болат Бопайұы Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақ ұлттық салт-дəстүр, әдет-ғұрып акедемиясының акедемигі.
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, барша қазақ руханиятына көңіл айтамыз.
Марқұмның жаны жәннатта, топырағы торқа болсын!