AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / БЕЙЖІҢ - 2022 / Бейжіңде Олимпиада кәдесыйлары таусылып қалды

Бейжіңде Олимпиада кәдесыйлары таусылып қалды

БЕЙЖІҢ - 2022 09.02.2022, 02:54 1,170
Бейжіңде Олимпиада кәдесыйлары таусылып қалды
ainews.kz

Бейжің тұрғындары Олимпиада кәдесыйларын сатып алу үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Алайда бәріне жететін түрі жоқ, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.


Қысқы ойындардың басталғанына әлі бір апта өткен жоқ, алайда шаһарда кәдесыйлар таусыла бастады. Жұрт дүкен сөрелерінде тұрған заттардың түгелін сатып алып жатыр. Қытай тарихындағы тұңғыш Қысқы Олимпиада – жергілікті тұрғындардың мақтанышы. Көбі жарысты өз көзімен көргісі келді. Алайда пандемияның кесірінен ондай мүмкіндіктері болмағандықтан, кәдесыйларды жаппай сатып алып жатыр.



Ұйымдастырушылар бұйымдардың 5 мыңдай түрін дайындаған. Бейжің орталығындағы тек бір ресми дүкеннің күнделікті саудасы 150 мың доллардан асып түсті. Алайда сұраныс тым жоғары. Олимпиададан естелік алып қалғысы келетіндер ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Күн салқын болғандықтан, оларға тегін шай да үлестірілуде.



Ресми дүкендердің электронды платформаларында тапсырыс жасауға болады. Бірақ тауарды бір айдай күту керек.


Айта кету керек, бұл ойындар жергілікті тұрғындардың салауатты өмір сүруге құлшынысын арттырды. Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, 300 милионнан аса адам қысқы спорт түрлерімен айналыса бастаған. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бейжің #олимпиада #кәдесыйлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);