AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Коронавирус / Бейжіңде мектеп пен балабақша онлайнға ауысты

Бейжіңде мектеп пен балабақша онлайнға ауысты

Коронавирус 12.05.2022, 02:16 1,657 Almaty-akshamy
Бейжіңде мектеп пен балабақша онлайнға ауысты
Cурет: Baq.kz

Адамдарға сыртқа шықпауға кеңес берілді


Қытай астанасында коронавирус індеті басылған жоқ. Үш аптада 800-ден астам адам ковид жұқтырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар24»-ке сілтеме жасап.
Бейжіңнің бір ауданы толық оқшауланған, адамдарға сыртқа шықпауға кеңес берілді. Шаһарда ойын-сауық орындары мен кинотеатрлар жабық, мейрамханалар тек тапсырыспен жұмыс істейді, мектептер мен балабақшалар онлайнға ауысты. 
ПТР сынақтан өту Қытай астанасының көптеген тұрғындары үшін күнделікті әдетке айналды. Сәуір айының соңынан бастап Бейжіңнің кей аудандарында кем дегенде 10 мәрте жаппай тестілеу жүргізілді.



Біз ПТР скринингтің көптеген кезеңдерін өткіздік. Жұрттың шаршағанын түсінеміз. Қала тұрғындарының басым бөлігі індетке қарсы шараларды саналы түрде сақтап, өзара қолдау көрсетті. Бұл үшін алғыс айтамыз. Болашақта ПТР тестке қатысуға түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз, – деді Денсаулық сақтау комитеті басшысының орынбасары Ли Ан.



Шаһарда мектептер мен балабақшалар онлайн жұмыс істеп жатыр. Барлық ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, фитнес орталықтары мен саябақтар жабық. Індеттің өршуіне байланысты қалада көліктер айтарлықтай азайып, сауда орталықтарында адам саны сиреген. Тек супермаркеттер мен сыртқа тамақ сататын мейрамханалар жұмыс істеп жатыр. Шектеу шараларына байланысты кәсіпорындар шығынға батқан.  



Біз қатты қиналдық. Қазір тамағымызды тек сыртқа сатып жүрміз, күніне түсетін тапсырыс саны аз. Мейрамханада тамақтануға тыйым салынды, – деді мейрамхана иесі Чжао Хунмэй.



Жергілікті билік кейбір кәсіпорындар үшін әлеуметтік төлемдерді кейінге қалдыру туралы хабарлады. Шағын бизнеске де жалдау ақысы мен салық бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Алайда Бейжіңдегі өмір қашан қалпына келетіні әзір белгісіз. Оның үстіне қаланың бір ауданы қалған аудандардан оқшауланып қалды. Қалалық көлік жұмысы жартылай тоқтап, метро станциялары жабылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#COVID-19 #карантин #Қытай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);