AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Бауыржан Иманғалиев: Президент Жолдауы – ел дамуын...

Бауыржан Иманғалиев: Президент Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңіне бағдар

Саясат 30.10.2026, 14:10 29
Бауыржан Иманғалиев: Президент Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңіне бағдар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының алдағы бағытын айқындап, білім мен ғылымды дамытуға, экономиканы нығайтуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға басымдық берді. Алматы қаласы Саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы, ҚР Мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ассистент профессоры Бауыржан Иманғалиев Жолдауда көтерілген бастамаларға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттердің ішінде білім беру жүйесін жетілдіру, ғылымды қолдау және жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыру мәселелері айрықша мәнге ие.

Бауыржан Иманғалиев

«Қазір бой жарыстыратын емес, ой мен білім жарыстыратын заман. Біз келешек ұрпаққа білімі мен ғылымы дамыған, өркениетті, тәуелсіз Қазақстанды аманат етуіміз керек. Ол үшін білімді, жаңаша ойлайтын, отаншыл жастарды тәрбиелеу қажет. Бұл – еліміздің жарқын болашағы мен өркендеуінің басты кепілі», – деп атап өтті Бауыржан Иманғалиев.

Сарапшы Президенттің білім, ғылым және инновацияны өзара ұштастыру, оқу үдерісіне жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі бастамаларын уақыт талабына сай шешім деп бағалады. Оның пікірінше, жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін арттыру, ғалымдар мен білімге ұмтылған жастарға қолдау көрсету елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.

Сонымен қатар, Жолдауда педагогтердің мәртебесін қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы мұғалімдерді артық есептілік пен қағазбастылықтан босату, олардың негізгі міндеті – сапалы білім беруге жағдай жасау қажеттігін айтты. Мектептерде ұстаздарға тіл тигізу және күш көрсету жағдайларының алдын алу да маңызды міндет ретінде белгіленді.

Бауыржан Иманғалиев елдің ұзақмерзімді дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған бастамалардың да маңызы зор екенін жеткізді.

Жолдауға сәйкес, 2029 жылдың соңына дейін ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінбек. Бұған қоса, әлеуметтік жобаларды жедел іске қосу мақсатында 1,5 триллион теңге қарастыру көзделген. Бұл қаражат тұрғын үй, жол, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді дамытуға бағытталады.

Сондай-ақ, Президент салық саясатын жетілдіру, кәсіпкерлерге түсетін артық жүктемені азайту және заңнамадағы қайшылықтарды жою міндеттерін көтерді. Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өңдеу өнеркәсібін дамыту және Қазақстанның Еуразиядағы көлік-логистикалық әлеуетін күшейту де стратегиялық басымдықтар қатарында.

Бауыржан Иманғалиевтің пікірінше, Жолдаудың негізгі мәні тек экономикалық көрсеткіштер мен ауқымды жобаларда емес, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікте жатыр.

«Мемлекет басшысы келер ұрпаққа қаржылық байлықпен қатар, заң үстемдігі орныққан, ғылымы мен технологиясы дамыған қуатты мемлекет қалдыру қажеттігін атап өтті. Бұл мақсатқа жету үшін әр азамат ел дамуына өз үлесін қосып, білімге, адал еңбекке және қоғамдық жауапкершілікке басымдық беруі тиіс», – деп түйіндеді ол.

Осылайша, сарапшы Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі дамуына негіз болатын маңызды бастамалар ретінде бағалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #жолдау #Президент жолдауы #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемдік БАҚ Тоқаевтың цифрлық экономикасы туралы: Қазақстан жасанды интеллект әлеуетін арттырып келеді

Бүгін 11:38

50 жылға шыдайтын көпір: Семейдегі жаңа өткелдің ерекшелігі неде?

Бүгін 11:28

Алматыда LRT құрылысы қалай жүріп жатыр?

Бүгін 11:23

«Бір көпірді бүкіл қазақ болып көтеріп жатырмыз»: Павлодарда көпір құрылысы жалғасып жатыр

Бүгін 11:17

Алматылықтар президенттің жолдауын талқылауға атсалысты

Бүгін 11:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);