Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Батыста жаңбыр, солтүстікте қар жауады

Батыста жаңбыр, солтүстікте қар жауады

Әлеумет 14.11.2023, 01:59 883
Батыста жаңбыр, солтүстікте қар жауады
Almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК 14 қарашаға күн райы болжамын ұсынды.


Синоптиктер мәліметіне сүйкес, республиканың басым бөлігінде антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында  атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр күтіледі, солтүстік-шығыс пен шығыста қар аралас жаңбыр жауады. Барлық өңірде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады.


Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.


Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, өңірдің шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.


Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысы мен орталығында тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде 18 м/с екпінде жел тұрады.


Түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Күндіз өңірдің батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.


Түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.


Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігін тұман басып, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз желдің күші өңірдің батысы мен солтүстігінде 18 м/с құрайды.


Күндіз Маңғыстау облысының шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз өңірдің батысы мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.


Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 25 м/с күшеюі ықтимал.


Тәулік бойы Павлодар облысының батысында, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Жаңбыр #Қар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика