Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан 10...

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан 108 бас мал қырылды

Оқиға 03.04.2022, 12:01 1,323
Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан 108 бас мал қырылды
Cурет: ҚР ТЖМ

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдардың барлық учаскелері қалпына келтірілді


Қазіргі уақытта 99 тұрғын үйді су алу фактісі тіркелді. Бұған дейін сағат 13.00-дегі жағдай бойынша, БҚО-ның 172 үйі су астында қалғаны туралы ақпарат берілген болатын, комиссиялық тексерулерден кейін 99 үй су астында қалғаны анықталып, нақтыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде су тасқыны болды. БҚО-дағы Жәнібек ауданы Жақсыбай елдімекенін су басу салдарынан 108 бас мал қырылды. 



"Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері сегіз елдімекенде 184 тұрғын және 15 саяжай үйлері, екі әлеуметтік нысан қызыл судың астында қалды. Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су бұрылды. 841 адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 430-ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 411-і туысқандарына орналастырылды. Су басқан 141 тұрғын және 15 саяжай үйлері бақылауда",-делінген хабарламада.




Құзырлы ведомство мәліметінше, тас жолдарда барлығы 24 су тасқыны тіркелді, оның ішінде республикалық маңызы бары – төртеу, облыстық - екеу, жергілікті – 18, оның ішінде тас жолдың 14 учаскесі шайылды: республикалық – біреу, жергілікті – 13.



«Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдардың барлық учаскелері қалпына келтірілді, облыстық және жергілікті маңызы бар 14 учаскеде су тасқыны сақталады. Өңірлер аумағында су тасқынынан туындаған ТЖ тәуекелдерін төмендету мақсатында ЖАО және ТЖМ күштерімен 719,65 мың текше метр қар суын сору, инертті материалдары бар 24 191 қап төсеу, сондай-ақ 250 шаршы метр алаңда өзендерде мұз кесу жұмыстары жүргізілді. Су тасқынына қарсы жұмыстарға ТЖМ, ІІМ және ЖАО-ның 944 адамы, 360 техникасы, 40 су сорғыш құралы және ТЖМ-нің сегіз жүзу құралы жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.



Ведомство мәліметінше, 2 сәуірде БҚО-да су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты Маңғыстау облысынан ТЖМ құтқару бөлімшелерінің тобы жіберілді, жеке құрамнан 43 адам, төрт техника, екі жүзу құралы және алты мотопомпа берілді, олар облыстың Тасқала және Сырым аудандарында жұмылдырылды.


БҚО-ның Жәнібек ауданына шұғыл шаралар қабылдау үшін Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті МИ-8 тікұшағымен құтқарушы топ аттанды.


«Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы тәуліктерде Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО және Нұр-Сұлтан қалаларында жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын түседі деп күтіледі.


Ғарыштық мониторинг деректері бойынша, қар жабындысы бар алаң - 40%-дан аз, қар қорының басым бөлігі еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде байқалады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖМ #су тасқыны #Құтқару жұмыстары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика