Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Батыс Қазақстан облысына ТЖМ-ның қосымша күштері ж...

Батыс Қазақстан облысына ТЖМ-ның қосымша күштері жіберілді

Оқиға 02.04.2022, 08:37 1,446
Батыс Қазақстан облысына ТЖМ-ның қосымша күштері жіберілді
Cурет: ҚР ТЖМ

Тұрғын үйлер мен аула аймақтардан 57 мың текше метр еріген қар суы сорылды


Күннің күрт жылынуы салдарынан еліміздің барлық өңірлерінде су тасқыны қаупі бар. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында жағдай күрделі. Елімізде қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтар жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Батыс Қазақстан облысына еріген қар суын сорып шығару үшін Маңғыстау облысынан қосымша күштер мен құралдар жіберілді. Олардың жалпы саны - 43 адам, 4 бірлік техника мен 6 су сору құралы»,-делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.



Құзырлы ведомство мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Шалғын кентінде және Бөрілі ауданының Қызылтал ауылында 37 жеке тұрғын үй мен екі әлеуметтік нысанды қызыл су басты. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштері 87 адамды қауіпсіз жерге  эвакуациялады. Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысының елдімекендерінен 1 млн 156 мың текше метр қар шығарылды. Тұрғын үйлер мен аула аймақтардан 57 мың текше метр еріген қар суы сорылды.




«Сондай-ақ, министрліктің хабарлауынша, Павлодар облысында Рождественка ауылындағы екі жеке тұрғын үйді қызыл су басты. Бүгінгі күні тұрғын үйлер мен аула аумақтарынан 56 500 текше метр су сорылды, елдімекендерден 795 мың текше метр қар шығарылды»,-делінген хабарламада.



Ақтөбе облысында 47 аула аумақты қызыл су басты. Елдімекендерден 345 мың текше метр қар шығарылды. Тұрғын үйлер мен аула аумақтардан 5 808 текше метр су сорылды. Сонымен қатар, Ақтөбе облысында сегіз автожол учаскесінде қызыл су тасып жатыр. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында бір республикалық маңызы бар автожол учаскесі  мен 15  жергілікті маңызы бар автожолдардың учаскесін су шайды. Барлық учаскелерде полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшілігі ұйымдастырылды.


Осы жұмыстарға ТЖМ, ІІМ және жергілікті атқарушы органдардан барлығы 621 адам, 289 бірлік техника жұмылдырылған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҚО #ТЖМ #су тасқыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика