конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Батырларымыз бен хандарымызды насихаттайтын бірде-...

Батырларымыз бен хандарымызды насихаттайтын бірде-бір мультфильм жоқ - Ринат Зайыт мәдениет министріне сауал жолдады

Мәдениет 18.06.2025, 11:13 852 Сұлу
Батырларымыз бен хандарымызды насихаттайтын бірде-бір мультфильм жоқ - Ринат Зайыт мәдениет министріне сауал жолдады
Сурет: Gov.kz

Депутат Ринат Зайыт анимациялық фильмдерге бөлінген қаражат өзін ақтамай отырғанын айтып сынады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Мәжіліс отырысында депутат Ринат Зайыт мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға анимациялық фильмдерге қатысты сауал жолдады. 

"Біздің батырларымыз бен хандарымызды насихаттайтын бірде-бір мультфильм бар ма?! Мен әлі күнге дейін көрген жоқпын. Ауылда бір ауыз орысша білмейтін ата-ананың баласы қайдан орысша сайрап жүр деп ренжейміз. Өйткені бүкіл анимациялық фильмдер сол тілде. Қазақстанда 5 жылда 1,4 миллиард теңгеге Қазақфильм 47 анимациялық фильм жасады деген есеп бар. Мұндай қаржыландырудан кейін серпіліс болуы керек еді ғой. Болған жоқ! 47 фильмнің 4-еуі ғана телеарналардан көрсетілді, қалғана ешқайда шыққан жоқ. Неге анимацияға бөлінген ақшаға ілгерілеу жоқ?" - деді ол. 

Аида Балаева, алғаш кезде өнім болмағанын, кейін 47 өнімді көпшілікке көрсету үшін құқықтық негіздің болмағанын айтты. 

"Өйткені ең басты халықаралық шарт бойынша мұндай өнімдер әртүрлі деңгейдегі халықаралық фестивальдің шеңберіндегі байқаулардан өтуі керек. Бұл жұмыс жүргізіліп жатыр. Барлық фестивальде жартысы өтті, қалғаны қатысып жатыр. Туындыларды цифрлық маркетинг, арнайы стриминг платформа арқылы тарату жүйесі болған жоқ. Оны біз былтыр қолға алдық. Қазір жаңа өнімдер 25-і "Қазақстан" телеканалында, 69-ы "Хабар" телеканалында орнатылды. YouTube-те "Қазақфильм" әртүрлі жылда түсірген 10 өнім орналастырылды. Бұдан бөлек, түрлі оқу орындарында көрсетуді қолға алып жатырмыз", - деп жауап берді ол. 

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Ринат Зайыттың сынын орынды деп атады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мультфильм #Ринат Зайыт #мәдениет және ақпарат министрі #Аида Балаева #анимациялық фильм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Кеше 18:06

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:38

Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Кеше 17:33

Евгений Данилов пен Богдан Бобров РПТ турнирінің күміс жүлдегерлері атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);