AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партияның ...

Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партияның құрылатынын мәлімдеді

Саясат 15.04.2026, 14:53 353 Сұлу
Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партияның құрылатынын мәлімдеді
Бастамашыл топ

Астанада 15 сәуірде бастамашыл топ жаңа «Әділет» саяси партиясын құру ниеті туралы ресми мәлімдеме жасады. Жаңа партия өзін прогрессивті реформалардың жақтаушысы, Әділетті Қазақстанды құру, заң үстемдігін нығайту және шешім қабылдау процесіне азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуді қолдаушы ретінде танытады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Әділет» партиясының негізгі мақсаты мен міндеттері – Жаңа Конституция қағидаттары мен Әділетті Қазақстан құндылықтары негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау.

Жаңа ұйымның миссиясы – 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда қабылданған жаңа Конституция ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Жаңа партия прогрессивті жастарды, түрлі сала мамандарын, қала мен ауыл тұрғындарын, яғни отандастарымыздың мүдделерін шынайы қорғауға және баршаға ортақ әділдікті орнатуға атсалысуға дайын қазақстандықтардың басын біріктіреді.

«Біз экономикасы қуатты, баршаға кең мүмкіндік беретін және әлемдік қоғамдастықта абыройлы да беделді, Әділетті мемлекет құру және оны нығайтуға мүдделі барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіргіміз келеді», - деп мәлімдеді бастамашылар.

ӘДІЛДІК, ПАТРИОТИЗМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ, ЖАУАПКЕРШІЛІК және ПРОГРЕСС құндылықтарына сүйене отырып, партия бастамашылары мынадай басымдықтарды жариялады:

  • Барлық қазақстандықтар үшін мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету, кландық, өңірлік ерекшеліктердің ықпалын азайту;

  • Тәуелсіз, тиімді әрі объективті құқық қорғау және сот жүйесін нығайту;

  • Экономикалық әділдік пен Қазақстанның тұрақты дамуы.

Жаңа партия өзінің саяси күн тәртібін қалыптастыру аясында азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар және сала мамандарымен тығыз ықпалдасуға ниетті.

16 сәуірде бастамашы топ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркеуге дайындық рәсімін бастау туралы өтініш жібереді және жақын арада партияның құрылтай съезін өткізуді жоспарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#партия #саясат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының «Шығыс қақпасы» полиорталығында бірегей қоғамдық кеңістік құру жоспарланып отыр

Бүгін 18:05

«ЭКО-Балалық шақ»

Бүгін 17:56

Алматыда океанариум, амфитеатр және су арнасы бар ауқымды Water Garden кешені бой көтереді

Бүгін 17:47

Бала – өмірдің гүлі, шаңырақтың шаттығы

Бүгін 16:51

Цифрлық тәуелділік: қоғам алдындағы жаңа сын

Бүгін 16:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);