конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Барлаушылар белсенді іс-қимылға көшті

Барлаушылар белсенді іс-қимылға көшті

Оқиға 05.10.2022, 16:00 1,382
Барлаушылар белсенді іс-қимылға көшті
Сурет: министрлік

Әскери және артиллериялық барлау бөлімшелері біріктірілді


«Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуы барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің барлау органдары мен бөлімшелері арнайы тапсырмаларды орындады. Олардың басым бөлігі түнгі уақытта іске асу үстінде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің әскер топтары қарсыласқа үздіксіз барлау жүргізіп жатыр. Бірыңғай жүйеге әуе, радиолокациялық, радиотехникалық, арнайы, әскери және артиллериялық барлау бөлімшелері біріктірілді.


Арнайы мақсаттағы барлау топтары, нысанаға алу және бағыттау топтары парашютпен десанттауды пысықтауда. Олар ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды қолдану арқылы оптикалық-электрондық барлау жүргізіліп жатыр. Мамандар рейд жасаушы жасақтарды айналып өткен қарсыластың орналасқан жерін анықтап, артиллерия және майдандық авиацияның соққыларымен жою үшін олардың координаттарын береді.


Барлау құралдарының оқ атып, зақымдау кезіндегі атысы және соққы нәтижелері де бағаланады, оның барысында артиллериялық, зымырандық және авиациялық бөлімшелерді жіті барлау және қайта нысанаға алу да іске асырылу үстінде.


Арнайы жасақтар қарсыластың шегініп бара жатқан тобына қысқа қашықтықта оқ жаудырып жатыр. Әуе тәсілімен барлаушыларды көшіру кезінде мергендер мен армиялық авиация оларды бүркемелеуді орындайды. 



Объектілерге реактивті артиллерия мен шартты қарсыластың құрамасы шабуыл жасаған кезде шабуылдау бөлімшелері де қарап тұрмай, іс-қимылға көшуде. Барлау жасағының сауыт-сайманы сай тобы жауға қарсы іс-әрекет жасап, оларды қолда бар атыс құралдарымен жою үстінде.


«Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуындағы барлау бөлімшелерінің негізгі міндеті бірыңғай ақпараттық деректерді жинау, талдау және олардың межелі жерге жетуін үздіксіз қамтамасыз етіп отыру болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Іздеу-2022» #барлау #оқу-жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Бүгін 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Бүгін 15:50

Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты

Бүгін 15:47

Air Astana Қазақстанда бірінші болып DHL GoGreen Plus сертификатын алды

Бүгін 15:39

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);