Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / БЕЙЖІҢ - 2022 / «Бәрі ойдағыдай емес»: Ирина Быкова шаңғыдан коман...

«Бәрі ойдағыдай емес»: Ирина Быкова шаңғыдан командалық эстафетаны қорытындылады

БЕЙЖІҢ - 2022 13.02.2022, 11:42 2,335
«Бәрі ойдағыдай емес»: Ирина Быкова шаңғыдан командалық эстафетаны қорытындылады
Cурет: Olympic.kz

Бейжің ойындарына баратынымды қаңтардың ортасында ғана білдім


Шаңғымен жүгіруден Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Ирина Быкова Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, эстафета нәтижесіне байланысты пікірімен бөлісті. Спортшының айтуынша, ол эстафета кезінде Валерия Тюленеваны ауыстырған.



«Негізі, мен эстафетаға қатысатын тізімде жоқ едім. Бірақ Валерия Тюленева ауырып қалғасын, орнына мен шықтым. Жарыс көңілімнен шықты, барлық қыздар да жарап тұр. Әрине, нәтиже көңіл қуантпайды. Десе де, біз өз шама-шарқымыз жеткенше жүгірдік.


Бұл менің алғашқы Олимпиадам. Төртжылдық додасына қатысу мен үшін арман болатын. Өкінішке қарай, Бейжің ойындарына баратынымды қаңтардың ортасында ғана білдім. Бірден жолдама алғаным жоқ. Сондықтан, жоспарлы түрде дайындалу мүмкін болмады. Олимпиада қарсаңындағы бар жаттығуым туған қалам Павлодарда өтті. Осындағы жағдай мен мен тұратын қаладағы жағдайды салыстыру мүмкін емес.
Бәрі ойдағыдай емес, алайда, үлкен тәжірибе алғаным анық. Басты додаға қатысқаным үшін қуаныштымын», - деді Ирина.



Еске сала кетейік, қазақстандық шаңғышы қыздар командалық эстафетада 15-ші орын иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бейжің-2022 #олимпиада #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.