конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Бәрі білуге тиіс дерек: мұрагерлікке қалған мүлікт...

Бәрі білуге тиіс дерек: мұрагерлікке қалған мүлікті рәсімдеу тәртібі қандай?

Мұны білген жөн 09.04.2026, 01:26 96
Бәрі білуге тиіс дерек: мұрагерлікке қалған мүлікті рәсімдеу тәртібі қандай?
ашық дереккөз

Жақынынан айырылған адам үшін мұрагерлік мәселесін рәсімдеу оңай емес. Дегенмен заңда белгіленген мерзімдерді өткізіп алмау маңызды. Мамандардың айтуынша, азаматтардың көбі мұраны қабылдау тәртібін білмегендіктен кейін түрлі қиындықтарға тап болады.

Ең маңызды мерзім – 6 ай

Қазақстан заңнамасына сәйкес, мұра мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап ашылады. Сол күннен бастап мұрагерлер нотариусқа жүгініп, өз құқықтарын рәсімдеу үшін 6 ай уақытқа ие. Егер бұл мерзім өтіп кетсе, оны қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуге тура келеді.

Қайда жүгіну керек?

Мұрагерлік іс мұра қалдырушының соңғы тұрғылықты жері бойынша нотариуста ашылады. Нотариус мұрагерлік істі жүргізіп, өсиеттің бар-жоғын тексереді және қажетті құжаттарды қабылдайды.

Қандай құжаттар қажет?

Әдетте нотариусқа мынадай құжаттар ұсынылады:

- жеке куәлік;

- қайтыс болу туралы куәлік;

- туыстық қатынасты растайтын құжаттар;

- марқұмның соңғы тұрғылықты жері туралы мәлімет;

- мұраға қалдырылған мүлікке қатысты құжаттар.

Қажет болған жағдайда нотариус қосымша құжаттар сұратуы мүмкін.

Мұра қалай бөлінеді?

Егер өсиет болса, мүлік марқұмның еркіне сәйкес бөлінеді. Ал өсиет болмаған жағдайда мұра заң бойынша бөлінеді. Бірінші кезекте жұбайы, балалары және ата-анасы мұрагер болып саналады.

Соңғы қадам

Алты айлық мерзім аяқталғаннан кейін нотариус мұрагерлік құқық туралы куәлік береді. Осы құжаттың негізінде пәтер, жер учаскесі немесе өзге де мүлік мұрагердің атына рәсімделеді. (Государственные услуги)

Заңгерлердің айтуынша, мұрагерлік мәселесін кейінге қалдырмай, құжаттарды уақытында рәсімдеу туыстар арасындағы даулардың алдын алып, мүлікті заңды түрде иеленуге мүмкіндік береді. (Egemen Qazaqstan)

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Бүгін 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Бүгін 15:50

Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты

Бүгін 15:47

Air Astana Қазақстанда бірінші болып DHL GoGreen Plus сертификатын алды

Бүгін 15:39

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);