Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / "Бақытты бала – бақытты отбасы": Алматыда ерекше ф...

"Бақытты бала – бақытты отбасы": Алматыда ерекше флешмоб өтті

Мәдени Алматы 22.05.2025, 20:53 673
"Бақытты бала – бақытты отбасы": Алматыда ерекше флешмоб өтті
aqshamnews.kz

22 мамырда Алматы қаласындағы №58 жалпы білім беретін мектепте "Әкем – тірегім, анам – жүрегім" флешмобы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.  

Іс-шара "Бақытты бала – бақытты отбасы" тақырыбында, Қазақстан балалары тұжырымдамасы аясында және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өткізілді. 

Флешмобтың басты ерекшелігі – оқушылардың аналары бірге қатысып, көңілді әрі тартымды қимылдар арқылы өзара байланыс пен сүйіспеншілікті бейнеледі. Бұл бір сәт көңіл көтеру емес, ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайтатын, бір-біріне жақындай түсуге мүмкіндік беретін әсерлі көрініс болды.

Флешмоб барысында аналар мен балалар бірігіп қимыл жасап, бір-бірінің көңіл-күйін сезіне білді. Жүздеріндегі шаттық, көздеріндегі шынайы қуаныш көп нәрсені аңғартты. Бұл – отбасындағы махаббат пен түсіністіктің, жылылық пен мейірімділіктің нақты дәлелі.

"Тәрбие отбасынан басталады. Баланың ата-анасымен жақын қарым-қатынасы – берік отбасының ғана емес, тұтас қоғамның мықты іргетасы. Біз балалардың бақытты болғанын, олардың жүзінен күлкі кетпегенін қалаймыз. Себебі болашақ – осы балалардың қолында, ал біз сол болашақпен бірге бақыттымыз", - деді №58 мектеп директоры Шынар Утжанова .

Осы мазмұнды іс-шара арқылы мектеп ұжымы тек мерекелік көңіл-күй емес, отбасылық құндылықтарды насихаттаудың да жарқын үлгісін көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #мектеп #флешмоб #"Әкем – тірегім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі