Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Бақытжан Сариев ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы б...

Бақытжан Сариев ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы болды

Билік 14.06.2022, 13:21 1,197
Бақытжан Сариев ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы болды
Cурет: Akorda.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақытжан Сариев Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 
Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Бақытжан Шөмішбайұлы Сариев Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын», - делінген Жарлық мәтінінде. 
Бақытжан Сариев 1971 жылғы 24 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 
Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген, мамандығы бойынша – инженер, заңгер. 
1996-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы, аға маманы, референті, аға референті лауазымдарында жұмыс істеді. 
1999 жылғы мамырдан 2019 жылғы наурызға дейін сыртқы саясат ведомствосы жүйесінде қызмет атқарды: 
1999-2002 жылдары – Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік департаменті Кадр және бақылау басқармасының Бақылау бөлімінің бастығы; 2002-2003 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Аппараты Кадр басқармасының бастығы; 
2003-2007 жылдары – Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы; 
2007-2019 жылдары – Сыртқы істер министрі Кеңсесінің басшысы; 
2016 жылғы ақпаннан 2017 жылғы қазанға дейін Сыртқы істер министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі міндетін қосымша атқарды. 
2019 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. 
2019 жылғы шілдеде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #тағайындау #Сариев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика