Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының әлеуметтік инф...

Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының әлеуметтік инфрақұрылымының дамуын тексерді

Билік 15.07.2021, 08:37 1,894
Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының әлеуметтік инфрақұрылымының дамуын тексерді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мегаполис әкімі 150 қосымша орын ашуға мүмкіндік беретін №102 мектептің жаңа корпусының құрылыс қарқынымен танысты.



Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданында тұрғын үйді жаңарту бағдарламасын іске асырудың, абаттандырудың және әлеуметтік нысандарды салудың барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Жұмысшылар кенті» елді мекенінде Райымбек даңғылы - Крылов - Казаков - Боткин - Гончаров - Скрябин көшелерінің қиылысында реновациялау бағдарламасы бойынша үйлер салынуда. 2020 жылы бұзылған 6 үйдің орнына жалпы алаңы 16 мың шаршы метр болатын 304 пәтерлі 4 үйдің құрылысы басталды. Ағымдағы жылы тозығы жеткен екі үй сүріліп, жалпы алаңы 12,5 мың шаршы метр болатын 183 пәтерлік үш үйдің құрылысы басталды. 




Сүрілетін каркас пен қамыстан салынған үш үйдің тұрғындары қала әкіміне қоныс аудару мәселесінің кешігіп жатқанын айтты. Осыған орай Бақытжан Сағынтаев жаңарту бағдарламасының операторы болып табылатын «Алматы» ӘКК басшылығына тұрғындарға жобаның кезеңдері туралы уақтылы хабарлауды әрі олардың уақытша тұратын қоныстарын жедел шешуді тапсырды.




Мегаполис әкімі 150 қосымша орын ашуға мүмкіндік беретін №102 мектептің жаңа корпусының құрылыс қарқынымен танысты. Бақытжан Сағынтаев құрылыс-монтаж жұмыстарын тездетуді және нысанды 1 қыркүйекте ашуды тапсырды. "Құлагер" шағынауданында ауысымында 150 келушіге арналған заманауи ДСК кешенінің құрылысы жалғасуда. Кешен спорт және тренажер залдарынан, екі бассейннен және  жаттығулар залынан тұрады.





Қадамдық қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз ету, қолданыстағы медициналық мекемелердің жүктемелерін азайту үшін емханаларды ашу үшін дайын ғимараттарды сатып алу мүмкіндігі қарастырылуда. Сидоркин, 14 және Омаров, 91 «а» көшелеріндегі ғимараттарды қарап шыққан қала әкімі қоғамдық денсаулық басқармасына осы мәселені зерделеуді тапсырды.



Бақытжан Сағынтаев Қазыбаев көшесі - Рысқұлов даңғылы - Тәтібеков көшесі - Райымбек даңғылы бойында салынып жатқан инженерлік желілердің құрылыс сапасын тексерді. 43 шақырымға жуық сумен жабдықтау желілері және 15 км судан бұру жұмыстары аяқталып қалды. Орталық жүйеге 6 мыңнан астам абонент қосылады. Қала әкімі жұмыс сапасына, соның ішінде жол жамылғысын қалпына келтіру жұмысына бақылауды күшейтуді тапсырды.




Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Жетісу ауданындағы абаттандырудың барысымен танысты, "Құлагер" шағынауданында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында салынып жатқан аралас көшедегі жаяу жүргіншілер аймағын қарап шықты. Бақытжан Сағынтаев ойын алаңдары мен спорт алаңдарын жасаудың, сондай-ақ ыңғайлы орындықтар мен көше шамдарын орнатудың  қажеттілігін атап өтті.




Сейфуллин даңғылындағы бұрын қараусыз қалған үйаралық аумақта «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша Workout құрылғысы орнатылып, жарық желісі тартылды, орындықтар қойылды. Қала әкімі "Құлагер" шағын ауданындағы үйлердің қасбеттерін жөндеу және Жангелдин көшесі бойындағы арық желілерін реконструкциялау жұмыстарымен танысты.




Жұмыс сапарының соңында Бақытжан Сағынтаев "Көкмайса" шағынауданындағы Есентай өзенінің жағалауын абаттандыру жұмысының басталуымен және Үлкен Алматы каналы бойындағы учаскені реконструкциялаумен танысты. Жасыл экономика басқармасына қалалықтардың пікірін ескере отырып, қоғамдық кеңістіктерді жөндеуді тапсырды. Жаңа демалыс аймақтары жақын маңдағы "Көкмайса" және "Айнабұлақ" шағынаудандары тұрғындарының серуендейтін орындарына айналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аким #монумент #цветы #Алматы #Жетісу #әкім #Сағынтаев #инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика