Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бақыт Сұлтанов Алматыда сауданы дамыту және бағаны...

Бақыт Сұлтанов Алматыда сауданы дамыту және бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

Әлеумет 17.02.2022, 05:08 1,015
Бақыт Сұлтанов Алматыда сауданы дамыту және бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді
almaty-akshamy.kz

2022 жылғы 16 ақпанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Алматы әкімдігінде сауда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және тәртіпсіздік кезеңінде бизнес субъектілеріне келтірілген шығынды өтеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.


Қазіргі кезде Алматы Қазақстанның ең ірі сауда және мәдени орталығы болып табылады. ҚР-да тіркелген кәсіпорындардың үштен бір бөлігі осы қалада орналасқан.



«Сауда Алматы экономикасының негізгі саласы болып табылады. 2021 жылы бөлшек сауданың өсуі 13,5%-ды, көлемі – 4 трлн 212 млрд теңге. Алматының бөлшек сауда көлеміндегі бөлшек сауда үлесі 31,5%-ды құрайды», - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.



Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қаңтардағы оқиғалар жекелеген бизнес субъектілерінің, әсіресе сауда саласындағы жұмысына теріс әсер етті.


Бүгінгі таңда үкіметтік комиссия зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтеу тетігін бекітті, оған бірқатар өзгерістер енгізу ұсынылады.


Алматы қаласының өңірлік комиссиясы қолданыстағы тетікке өзгерістер енгізуді ұсынды. Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдегендей, шығынның барлық санаттары үшін 10 млн теңгеге дейінгі төлем сомасымен жеңілдетілген есеп бойынша залалды өтеуді жүзеге асыру, сондай-ақ «жабдық» санаты үшін жеңілдетілген тетікті қолдану және адвокаттардың қызметтеріне ақы төлеуді өтеу ұсынылды.



«Бұл өтінімдерді қарау мерзімін 1 айдан 2 аптаға дейін қысқартуға және бизнеске келтірілген шығынды өтеу рәсімін едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев.



Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды


«Айналымдағы» қарыздар аясында ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен көкөніс, ет өнімдері, жұмыртқа және бакалея бағаларын белгілеу үшін 11 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, әлеуметтік нан, сүт өнімдері мен күнбағыс майының ірі өндірушілеріне қарыз бөлу пысықталуда.



Бұдан басқа, қала әкімдігінде Премьер-Министрдің орынбасарына баяндалғандай, қазіргі кезде әкімдік жеңілдікпен қаржыландыру және уақытша сақтау қоймаларын салу үшін қала шегінде жер телімдерін бөлу арқылы мини-хабтар құру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл үй жанындағы дүкендердің алыпсатарларға тәуелділігін төмендетуге, шағын сауда нүктелерінің иелерін ірі көтерме сауда базарларында өз бетінше сатып алу қажеттігінен құтқаруға мүмкіндік береді. Бұл, тұтастай алғанда, шағын ішкі дүкендердегі баға деңгейіне оң әсер етуі керек.


Кеңес қорытындысы бойынша, Бақыт Сұлтанов Алматы әкімдігіне және ҚР СИМ-нің Сауда комитетіне бағаларды мониторингілеу және талдау бойынша жұмысты жалғастыруды, ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру аясында «айналым сызбасын» ұлғайту бойынша шаралар қабылдауды, азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық сызбаларды тексеру жөніндегі аймақтық комиссиялардың қызметін жандандыруды, сондай-ақ зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне көмек көрсету және өтемақы төлеу жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сұлтанов #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика