AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Банктер ашық жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қаржылан...

Банктер ашық жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қаржыландыруға дайын екенін білеміз – Президент

Әлеумет 19.04.2023, 11:44 939 Almaty-akshamy.kz. 
Банктер ашық жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қаржыландыруға дайын екенін білеміз – Президент
Сурет: ашық дереккөз

Банк секторының ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды кредиттеу мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Отандық банктерді бизнес пен инвестиция үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстарына тарту өте маңызды. Банк секторының ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды кредиттеу мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Тиісті тапсырманы мені Экономиканы кредиттеуді кеңейту жөніндегі іс-шаралар туралы Жарлық аясында бердім», – деді Мемлекет басшысы.



Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар шағын мен орта бизнес қолжетімді банктік кредиттен тыс қалып отырғанын баса айтты.



«Бұған қоса, біз банктерде ақша бар екенін және олардың ашық жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қаржыландыруға дайын екенін білеміз. Сондықтан банктердің өздерінің жұмысын қайта баптаудан бөлек банктер мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялауды және ақша ағындарын цифрландыруды күшейту қажет. Бұл банктердің бизнеске, әсіресе, шағын және орта бизнеске сенімін нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Президент.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #Ашық #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларға келуші саны 70%-ға артты

Бүгін 16:31

Алматыда Ж. Үшкемпіров көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 16:28

Алматыда халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 16:26

Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған айрықша үлес

Бүгін 15:31

Алматыда қоғамдық көлік жүйесі мен жол қозғалысы жаңғыртылып келеді

Бүгін 15:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);