ffin.kz

Балалы отбасыларға ерекше назар аударылады

Балалы отбасыларға ерекше назар аударылады gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы қаласына жұмыс сапары аясында мегаполис халқымен кездесу өткізді, оның барысында Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларын іске асыру мен қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы хабарлады. 


Іс-шараға ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев, қалалық басқарма мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, медициналық-әлеуметтік мекемелердің басшылары, ҮЕҰ өкілдері, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар және тағы басқа азаматтар қатысты. Жалпы кездесуге 80 адам қатысты.


Сөз басында Еңбекминінің басшысы 2023 жылы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалғанын хабарлады.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы: ең төмен базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 %-дан 60 %-ға дейін, ал 2024 жылы – 65%-ға дейін, ең жоғары мөлшері 100%-дан 105%-ға дейін ұлғайтылды; ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасы 46 %-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін артты. Алматы қаласы бойынша зейнетақының жиынтық орташа мөлшері 184 мың теңгені құрап отыр.


Жалпы республика бойынша зейнетақы төлемдеріне 2023 жылы 3 трлн 300 млрд теңге, 2024 жылы – 3 трлн 785 млрд теңге бағытталды.


Министр сондай-ақ халықты әлеуметтік қолдауды күшейту туралы айтты. Балалы отбасыларға ерекше назар аударылады. Жаңа шаралар бала тууды ынталандыруға және отбасындағы балаларды тәрбиелеуге жәрдемдесуге, сондай-ақ көпбалалы аналардың беделі мен мәртебесін арттыруға бағытталған.



2023 жылы: мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5 %-ға индекстелді, ал Әлеуметтік кодекстің қабылдануымен кейбір жәрдемақылардың мөлшері қосымша 14,5 %-ға өсті; Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтіміне байланысты  жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу кезеңі бір жастан бір жарым жасқа дейін ұзартылды; Әлеуметтік кодекстің қабылдануымен «Алтын алқа» алқасымен,  I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған, «Батыр ана» атағын алған аналарға жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін арттырылды.




Балалары бар отбасыларды қолдауға 2023 жылы шамамен 1,3 трлн теңге, 2024 жылы 1,5 трлн теңге бөлінген.


Осы жылдың 1 наурызына Алматы қаласында 5 мыңнан астам адам жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша 6,1 млрд теңге сомасында әлеуметтік төлем алды. Бала тууға арналған біржолғы жәрдемақы республикалық бюджет қаражатынан шамамен 1,1 млрд теңге сомасына 7 мыңға жуық адамға берілді. Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақыны республикалық бюджет қаражатынан 500 млн теңгеге 9 мыңнан астам адам алды. Жұмыс істейтін ата-аналар үшін бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша 6,8 млрд теңге сомасына 46 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды. Мүгедектігі бар баланы кәмелетке толғанға дейін тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін жәрдемақыны 1,3 млрд теңгеден астам сомаға 9 мыңға жуық адам алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58