2025–2026 оқу жылының үшінші тоқсанында Алматы қаласының барлық мемлекеттік мектебі отандық BilimClass платформасына көшті. Платформа толықтай заң аясында жұмыс істейді және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтайды. BilimClass - толықтай тегін платформа, оны пайдалану үшін мектептер де, ата-аналар да, мемлекет те ақы төлемейді.
BilimClass өкілдерінің айтуынша, платформаға көшу процесі бастапқыда жаз мезгіліне, жаңа оқу жылы басталғанға дейін жоспарланған. Алайда бұрынғы жүйе түрлі техникалық жұмыстар мен сол тектес себептерді желеу етіп, бұған мүмкіндік бермеген. Оқушылардың үлгеріміне қатысты жинақталған деректерден айырылып қалудан қауіптенген мектептер көшу процесін кейінге қалдырып, бұрынғы платформада қалуға мәжбүр болған. Бұдан кейін BilimClass платформасын алдымен Алматыдағы жаңадан ашылған мектептерде апробациядан өткізу туралы шешім қабылданған.

"Біз платформаны алдымен 15 мектепте іске қосып, қызметкерлерді оқыттық, шешімдеріміздің басқа жүйемен салыстырғандағы артықшылықтарын көрсете алдық. Нақты мектептердің пікіріне сүйене отырып, білім басқармасы өз бастамасымен қаланың барлық мектебін BilimClass-қа көшіру туралы шешім қабылдады. Мекеме платформаның мектептерге ыңғайлы болуына, ақпараттық қауіпсіздік және деректердің сенімді сақталуына баса назар аударды. Біздің платформа бұл талаптарға толықтай сай. Оған қоса, мектептерді оқу жылының ортасында BilimClass платформасына ауыстырып жатқанымыз бірінші рет емес, бұл процесті барлық қолданушылар үшін оңай және жайлы етуге әрқашан барымызды саламыз. Қазіргі таңда біздің платформаны Қазақстанның 11 өңіріндегі мектептер пайдаланып отыр", - дейді Bilim Group компаниясының CEO-сы Александр Савченко.
Алайда Александр Савченконың айтуынша, әлеуметтік желілер мен бірқатар ақпарат құралдарында бәсекелес ұйымның талабы бойынша сот Алматы мектептерінің BilimClass-қа көшуіне тыйым салды деген жалған ақпарат тараған. Нақтысында мұндай сот шешімі жоқ, тек қателер түзетілген ұйғарым бар. Қазір BilimClass қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Платформа өз жұмысын кәсіби және ашық жүргізетіндіктен, заң тұрғысынан ешқандай мәселе жоқ.
"Біз жалған ақпарат таратумен айналыспаймыз және қоғамды да, платформамыздың пайдаланушыларын да жаңсақ ойға жетелеуден аулақпыз. Біз өз жұмысымызды жақсы атқарып, нарықта бәсекеге қабілетті жаңа шешімдер ұсынуға тырысамыз. Сонымен қатар өз жұмысымызда заң талаптарына қатаң сүйенеміз", - деп атап өтті Bilim Group компаниясының Bilim Group компаниясының басшысы Александр Савченко.
Сонымен қатар, компания басшысы тоқсан басталмай тұрып мұғалімдерге BilimClass-пен жұмыс істеу бойынша алдын ала оқыту сабақтары жүргізілгенін айтады. Бұдан бөлек платформа командасы мектептер мен мұғалімдерге күнделікті қолдау көрсетіп келеді. Ата-аналарға арналған қолдау қызметі де жұмыс істеп тұр.

"Біз нарыққа үздік шешім ұсынып отырғанымыздың бірден-бір дәлелі - он өңірдегі білім басқармалары жүргізген тәуелсіз сауалнама нәтижелері. 46 636 мұғалім мен 139 439 ата-ананың ішінде пайдаланушылардың 66,4%-і мен 59,4%-нің таңдауы BilimClass-қа түскен, - деп түсіндірді Bilim Group компаниясының басшысы Александр Савченко.
Оның айтуынша, жүйе бастан-аяқ Bilim Group-тың әзірлемелері негізінде жасалған, ешқандай шетелдік шешімдер қолданылмаған. Платформа жарнамасыз, тегін жұмыс істейді әрі оқу процесінің барлық қатысушысына пайдалы көптеген функцияны қамтиды.
"EdTech нарығы білім сапасын жақсартуға барын салуы керек, алайда этика мен заң аясында әрекет етуге тиіс. Сондықтан біз нарықтың барлық өкілін адал, ашық және Қазақстан мектептеріне пайда тигізу бағытында жұмыс істеуге шақырамыз", - деп түйіндеді Bilim Group компаниясының басшысы Александр Савченко.

Сонымен қатар, жаңа жүйеге көшкен мектептер, мұғалімдер мен оқушылар электрондық журналмен қатар платформа ұсынатын басқа да пайдалы өнімдерге қол жеткізген. Олардың қатарында ТМД аумағындағы ең ірі цифрлық білім беру контент қоры саналатын BilimLand платформасы, ҰБТ-ға дайындалуға көмектесетін iTest онлайн-тренажері мен бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақ тіліндегі iMektep видеосабақтар жинағы бар.
Айта кетейік, платформаны әзірлеуші - Қазақстандағы жетекші Bilim Group IT холдингі. Оның құрамына BilimLand, OnlineMektep, BilimKids, iTest, BilimUstaz, Kitap.kz және SmartNation сияқты өнімдер кіреді.