конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Балаларды қызылшаға қарсы пандемиядан қалған белгі...

Балаларды қызылшаға қарсы пандемиядан қалған белгісіз қытайлық вакцинамен егіп жатқаны рас па?

Медицина 24.11.2023, 14:18 1,612
Балаларды қызылшаға қарсы пандемиядан қалған белгісіз қытайлық вакцинамен егіп жатқаны рас па?
Сурет: Stopfake.kz

Әлеуметтік желілерде балаларды қызылшаға қарсы белгісіз қытайлық препаратпен мәжбүрлеп егіп жатқаны туралы ақпарат тарады.


Автордың пайымдауынша, бұл коронавирустық вакцинациядан қалған екпе болуы мүмкін. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 




«Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 85-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты болатын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелерді алуға міндетті. Сонымен қатар, Кодекстің 77-бабына сәйкес, егілетін адамның не оның заңды өкілінің профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға құқығы бар. Елде қызылшаға қарсы вакцинация жүргізу үшін «Serum Institute of India» шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Бұл вакцинаның өндірісі ДДҰ-ның қайта бағалауынан өткен, өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беріледі», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.



Денсаулық сақтау министрлігінің ата-аналарға жасаған үндеуінде былай делінген: «Елдегі қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, балаларда қызылшаға қарсы екпелердің болуына назар аударуларыңызды сұраймыз». Екпені тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қызылша #вакцина #фейк #қытайлық вакцина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);