AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Балалар ойыншығының қауіпсіздігіне қандай талап қо...

Балалар ойыншығының қауіпсіздігіне қандай талап қойылады?

Барлығы 24.12.2025, 10:35 408
Балалар ойыншығының қауіпсіздігіне қандай талап қойылады?
Cурет: pixabay.com

Алматы балалар ойыншығы мен балаларға арналған тауарлардың қауіпсіздігін бақылауда ұстап отыр. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Қаткенова өнімге қойылатын негізгі талап, тексерудің нәтижесі мен кәсіпкерлердің жауапкершілігі туралы баяндады.

Спикердің айтуынша, 2015 жылдан бастап оларды Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес бақылап, оған бақылау мақсатындағы сатып алулар мен зертханалық зерттеулер де кіретін болған.

"Қауіпсіз ойыншық – ең алдымен дұрыс таңбаланған өнім. Таңбалауда өндіруші туралы ақпарат, шыққан елі, баланың жасы, қолданылған материалдар мен жасалған күні анық көрсетілуі тиіс. Бұл деректердің болмауы заңбұзушылық болып саналады", – дейді Гаухар Қаткенова.

2025 жылы Алматы қаласында қосымша сатып алу жұмысы аясында 108 ойыншық үлгісі сатып алынып, зертханалық тексеруге жіберіліп, бұл өнімдердің 53,7%-ы таңбалау талаптарына сәйкес келмегені анықталған.

Сондай-ақ бақылау іс-шаралары барысында кондитерлік өнімдер де тексерілді. Зертханада зерттеп көру үшін 86 тәтті өнімнің үлгісі сатып алынып, олардың 27,6%-ы қауіпсіздік пен таңбалау жөніндегі техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Жалпы айналымнан талапқа сай келмейтін 1 тоннадай тағам өнімі алынды.

"Талапқа сай келмейтін барлық өнім сатылымнан алынады. Кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік шаралар қолданылады. Биыл 40 бизнес нысаны жауапқа тартылып, оларға салған айыппұл 13,9 млн теңгеге жетті", – дейді спикер.

Гаухар Қаткенованың айтуынша, үш жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға қосымша шектеулер қолданылады.

"Табиғи теріні, әйнекті, фарфорды, түкті резеңкені, ылғалды жерде 5%-дан артық ұлғаятын толтырғышты қолдануға болмайды. Ойыншықтардың қыры өткір, ұсақ бөлшектері мен бөгде иісі болмауы тиіс", – деп түсіндірді ол.

Департаментте профилактикалық бақылау тек қана көшпелі тексерулер арқылы емес, сонымен қатар ақпараттық жүйелер деректерін талдау мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын өнімдердің жарнамасын бақылап отыру арқылы да жүргізілетінін атап өтті.

Заңсыздық анықталған жағдайда кәсіпкерлер оларды жоюға міндетті. Талапты орындамаған жағдайда нысан тексеру жүргізілетін профилактикалық бақылау тізіміне енгізіледі, заң бұзушылық қайталанар болса қызметті тоқтатуды көздейтін материалдарды сотқа жолдайды.

Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналарға ойыншық сатып аларда мынадай кеңестер береді:
•    тауардың таңбалануын мұқият зерделеу;
•    өндіруші, шыққан ел мен баланың жасы туралы ақпараттың болуын тексеру;
•    материалға, иісіне, бояудың өңіп кетпейтініне зер салу;
•    растайтын құжаттары жоқ ойыншықты сатып алмау;
•    ақпарат мемлекеттік және орыс тілінде көрсетілген өнімді таңдау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ойыншық #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика