ffin.kz

Баладан зейнеткерге дейін: 34 мыңнан астам алматылық ауқымды Алматыда сенбілікке шықты

Баладан зейнеткерге дейін: 34 мыңнан астам алматылық ауқымды Алматыда сенбілікке шықты

Алматыда 21 қазан күні қала тұрғындары «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты Республика күніне арналған жалпықалалық сенбілікті шықты. Бұл науқанды өткізуге қаланың мәслихат депутаттары мен экобелсенділер мұрындық болып, қала тұрғындары идеяны қолдады. Алматы әкімдігі көшеттер мен тазалауға қажетті қолғап, сөмке, күрек, тырма сынды құрал-жабдық ұсынды.


Қаланы қоқыстан тазартуға шаһардың ластануына бей-жай қарамайтын түрлі жастағы адамдар атсалысты. Экобелсенділер, студенттер және өзге де тұрғындармен бірге зейнеткерлер де сенбілікке шықты.



 


Экологиялық науқанға барлығы 34 мыңнан астам қала тұрғыны қатысып, 239 бірлік техника жұмылдырылды.


Негізгі іс-шаралар «Көктөбе» тауының баурайында, ALA саябағында, Алматы индустриялық аймағы мен «Батыс» зиратының санитарлық-қорғау аймағы арасындағы учаскеде және Көкқайнар шағын ауданындағы Боралдай өзенінің жағасында өтті.


Жалпықалалық акцияға аудан әкімдіктер де атсалысып, өз аумағында коммуналдық қызметпен бірге жергілікті сенбіліктер өткізді.



 


Сенбіліктен аудан әкімдері де қағыс қалмай, төбе көрсетті. Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков қала экологиясын жақсартуға әркім үлес қосу үшін тұрғындар арасында экологиялық бастамаларды дамытудың маңызын атады.


«ALA саябағына 300 терек отырғызамыз. Биылғы күзгі кезеңде 150 мыңнан астам ағаш отырғызылып, әр шағын ауданда 1000 көшет егіледі. Біз ALA саябағында тамшылатып суаруды қолданған бірінші ауданбыз, бұл ағаш тамырын қоректендіруге мүмкіндік береді. Жергілікті сенбіліктер апта сайын өткізіледі», – деді Азамат Қалдыбеков.


Сенбілік барысында демалыс аймақтар, саябақтар, скверлер, аулалар тазаланып, 5 мың текше метрге жуық қоқыс жиналып, қала әкімдігі оны полигонға шығарды.


Сенбілікте ата-аналармен бірге аумақты қоқыстан тазартуға белсенді қолғабыс қылған балаларды да кездестіруге болады.


Бұл экомәдениетке бала кезден баулу керектігіне жарқын мысал. Бұл табиғат пен еңбекке саналы көзқарас қалыптастырумен қатар, өскелең ұрпақтың ауызбіршілігіне де ықпал етеді.


Сенбілік аясында белсенділер қоқысты сұрыптады, пластик, шыны және қаңылтыр бөтелкелер, қағаз, темірді қайта өңдеуге арналған бөлек қаптарға жинады.



 


«Бүгін ауа-райы да қарасып тұр, қоқысты жинауға, сұрыптауға көмектескен студенттерге ризамыз. Солардың арқасында біраз аумақты тазарттық. Өкінішке қарай, қоқыс тастамай, жинап жүру сынды бұқаралық мәдениет жоқ. Сенбіліктің пайдасы неде? Қоқыс тастаған адамды санасын өзгерту қиын, бірақ іштей өзгересің», - деді «Жасыл Алматы» жобалық кеңсесінің басшысы Евгений Мұхамеджанов.



 Аумақты тазалаумен қатар, жаппай ағаш отырғызу жүргізілді. Теректен басқа таңдалған сорттардың арасында алма мен өрік ағаштары жергілікті климатқа тез жерсініп, жақсы өседі.



Барлығы 9 мыңнан астам көшет отырғызылды. Алматылық Сәуле Шылымованың айтуынша, сенбілікке студенттермен бірге қатысу – қала үшін маңызды экологиялық оқиға.


«Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорында жұмыс істеймін, қаламыздың гүлденуі үшін жасөспірімдермен бірге ағаш отырғызуға келдім. Бұрынғыдай жасыл желектің көп болғанын қалаймын. Біздегі өлкетану факультетінде де ағаш отырғызып, экологиялық сенбіліктер өткіземіз, сондықтан бүгін де осындамыз», - деді Сәуле Шылымова.


Бұған қоса, жергілікті сенбіліктер Баум тоғайында, ҮАК, Жас Қанат шағын ауданы бойында, Айнабұлақ-4 шағын ауданында, Сайран көлінің шығыс және батыс жағалауында, «Достық» саябағының аумағында және Шұғыла шағын ауданында өтті.



Аумақта мәдени ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.


«Әкімдікпен бірлесіп барлық ауданнан локация таңдадық. Біздің міндетіміз мерекелік атмосфера жасау. Экология – бұл сенбілік қана емес, оған дұрыс көзқарас қалыптастырумыз керек: тазалаумен қатар, әлемге пайда әкелетінімізді түсінуіміз керек», - деді «KazEcoPatrol» ҚБ мемлекеттік органдармен байланыс департаментінің директоры Әділ Нұрпейісов.


Оның айтуынша, ALA саябағы сенбілікке арналған орынның бірі ретінде кездейсоқ таңдалмаған, онда бәрі өте ластанған. Бірақ жұдырықтай жұмылып, көтеріңкі атмосферада қала тұрғындары бұл аумақты тазарта алды.



«Әр апта сайын сенбіліктер өткіземіз. Тұрғындар қала орталығындағы науқанға қатысады. Кейде сенбілікке шетелдіктер келеді. Жыл басынан бері 30-дан астам экологиялық науқан өткізілді. Жыл соңына дейін Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының мәлімдеуінше, 236 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр», - деді Әділ Нұрпейісов.



Эконауқанға қатысқан қала тұрғындарының пікірінше, мұндай сенбіліктер қаланың тазалығы әркімге байланысты екенін көрсетуде тамаша мүмкіндік. Алматыда тұратын кез келген адам осы игі іске өз үлесін қоса алады.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:49

19:41

19:12

18:48

18:07

17:47

17:35

17:26

17:11

17:05

16:50

16:49

16:40

16:12

16:09

15:16

15:15

15:03

14:58

13:55

13:53

13:51

13:37

12:51

12:15