AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Бала күтуші бірнеше ай бойы үй иесін тонап келген

Бала күтуші бірнеше ай бойы үй иесін тонап келген

Оқиға 23.01.2022, 05:48 1,193 Almaty-akshamy
Бала күтуші бірнеше ай бойы үй иесін тонап келген
Cурет: Inform.kz

Күтушіні жұмыспен қамту агенттігі арқылы тапқан


Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында ірі ұрлық жасады деген күдікпен 22 жастағы қызды ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2021 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін күтуші болып жұмыс істейтін қыз жұмыс берушіден 1 миллион теңге көлемінде ақша, зергерлік бұйымдар, гаджет және киімдер ұрлап келген.


Арызданушының айтуынша, ол күтушіні жұмыспен қамту агенттігі арқылы тапқан.


Бастапқыда қыз екі балаға қарап, сенімге кіріп, отбасын жүйелі түрде тонай бастаған. Басында ақша жоғала бастады, оны жәбірленуші байқамады.
Күтуші алтын бұйымдарды, киім-кешек пен гаджетті ұрлай бастағанда күдіктене бастаған үй иесі полицияға хабараған.


Күтуші тұратын бөлмені тексеру барысында полицейлер ұрланған заттардың бәрін тауып, тәркіледі.
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


Күдікті өз кінәсін мойындап, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.


Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарға бейтаныс адамдарға сенбеуді және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күтуші #ұрлық #тонау #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Бүгін 18:32

Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:29

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

Бүгін 18:26

Мәдениет шамы сөнбесін

Бүгін 17:36

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);