AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / «Байтақ» партиясының ғылыми-сараптамалық жұмыс тоб...

«Байтақ» партиясының ғылыми-сараптамалық жұмыс тобы АЭС зерттеуін жүргізуде

АЭС: Референдум 22.09.2024, 13:27 1,500
«Байтақ» партиясының ғылыми-сараптамалық жұмыс тобы АЭС зерттеуін жүргізуде
aes2024.kz
 

Осыдан бір жарым жыл бұрын «Байтақ» жасылдар партиясы төрағасы Азаматхан Сайлауұлының тікелей тапсырмасымен ғылыми-сараптамалық жұмыс тобы құрылып, әлемдегі ең озық әрі тиімді атом электр станцияларын зерттеу жұмыстарын бастаған еді. Топтың негізгі міндеті – АЭС-тің экологиялық қауіпсіздігі мен еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін реакторлар мен басқару технологияларына ғылыми тұрғыда баға беру болды.

Енді осы зерттеулердің нәтижелерін халыққа егжей-тегжейлі жеткізетін күн де келді. 6 қазан күні өтетін референдумның тақырыбы да ерекше маңызға ие. Халық болып осы маңызды шешімді қабылдау арқылы болашағымыздың жарқын болуы үшін жауапкершілікті тең бөлісетін уақыт жетті.

Сыр өңіріне келген Республикалық халықтық штабтың өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархаббат Жайымбетұлы, «Байтақ» партиясының Атқарушы хатшысы Нұрлан Болатұлы және өңірдің бір топ азаматтары Жаңақорған ауданының жастары және еңбек ұжымдарымен кездесті. Сонымен қатар, ауданның оңалту орталығы, уран тасымалдаушы Жаңақорған транзиті, Алма бағы шаруашылықтары және Жан-Арай шипажайы секілді ауданның маңызды нысандарында болды.

Ауданның негізгі кәсіпкерлері мен еңбек ұжымдарының қызметкерлері алдағы референдумда АЭС салуды бірауыздан қолдайтындарын жеткізді. Олар бұл шешімді еліміздің дамуына қажетті әрі уақытылы қабылданған маңызды саяси қадам ретінде қабылдап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #Байтақ #Азаматхан Сайлауұлы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28

Алматыда жаңа экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 13:23

Экологиялық күн тәртібіндегі сегіз жыл

Бүгін 13:20

Жергілікті бастамадан ауқымды жобаға дейін

Бүгін 13:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);