Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Байқоңырдан «Протон – М» зымыран тасымалдағышын ұш...

Байқоңырдан «Протон – М» зымыран тасымалдағышын ұшыру қашан тоқтатылатыны айтылды

Оқиға 27.03.2022, 11:41 1,223
Байқоңырдан «Протон – М» зымыран тасымалдағышын ұшыру қашан тоқтатылатыны айтылды
Cурет: Egemen.kz

2026 жылы «Байқоңырдан» «Протон – М» зымыран тасымалдағышын ұшыру тоқтатылады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгінгі күні зерттеу нәтижелері бойынша алынған деректер зымыранғарыш қызметінің тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аудандарымен шектес аумақтағы елді мекендер тұрғындарының мекендеу ортасының жай-күйіне және денсаулығына тікелей әсерін растаудың жоқ екендігін көрсетеді. Депутаттық сауалда сипатталған патологияға гептил зымыран отынының қатысы жоқ. Өйткені «Протон-М» ЗТ бөлінетін бөліктерінің пайдаланылатын құлау аудандарында елді мекендер жоқ. «Протон-М» ЗТ-ның құлау аудандары Жезқазған қаласынан едәуір қашықтықта (73,3 шақырым) орналасқан. Бұл - «Протон» ЗТ құлау ауданына ең жақын елді мекен», - деді Үкімет басшысы жауабында. 



Премьер-министрдің дерегінше, 2014 жылғы 24 қарашадағы «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысы аясында Қазақстан Республикасының қоршаған ортасына экологиялық жүктемені азайту мақсатында 2017 жылдан бастап зымыран отыны-гептилді (симметриялы емес диметилгидразин, НДМГ) пайдаланатын «Протон – М» ЗТ ұшырылымдарын (2017 жылы 2-ге, 2020 жылы тағы 2-ге, 2025 жылы 5-ке дейін жеткізу) қысқарту және ұшырылымдарды 2026 жылы толық аяқтау көзделген. 



«Сонымен бірге, Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсері тұрғысынан Қарағанды облысының Жезқазған-Ұлытау өңірінде онкологиялық аурулардың өсу себептерін зерделеу мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 69-Ө бұйрығымен мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірдің жұртшылық өкілдерімен бірлесіп ведомствоаралық комиссия құрылды», - деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Байқоңыр #Протон #зымыран
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика