Бағдат Мусиннің қызметтен кетуі өз қалауы ма?

Бағдат Мусиннің қызметтен кетуі өз қалауы ма? Сурет: Almaty-akshamy.kz. 


ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хатшысы Альбина Атен ЦДИАӨМ бұрынғы министрі Бағдат Мусинді қызметтен босату туралы қауесеттерге түсініктеме берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



"Қазір әлеуметтік желілерде белсенді талқыланып жатқан кейбір пайымдауларға түсініктеме бергім келеді. Соңғы күндері БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушылары министр Бағдат Мусиннің қызметтен кетуін әртүрлі пайымдармен талқылап жатқанын байқадым", - деп жазды Альбина Атен Facebook-те.



Оның айтуынша, министрдің отставкаға кетуі оның өз қалауына байланысты болды.



"Ол бұл туралы өзінің ресми парақшаларында жазды. Сондықтан сіздерді жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырғым келеді", - делінген хабарламада.



Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді үш ай бұрын – 2024 жылғы 6 ақпанда қайта тағайындалған қызметтен босатқаны туралы хабарланған болатын.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36