AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бағдат Мусин паспорттағы чипке түсінік берді

Бағдат Мусин паспорттағы чипке түсінік берді

Әлеумет 24.05.2022, 12:42 1,548
Бағдат Мусин паспорттағы чипке түсінік берді
Cурет: Ашық дереккөз

Онда сізге қатысты ақпарат бар 


Қазақстан паспортындағы чип құжаттың халықаралық стандартқа сай екенін білдіреді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ақтөбеліктермен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Әлеуметтік желіде Қазақстан паспортындағы чипке қатысты әрқилы болжам айтылып жатыр. Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі бұл мәселе бойынша ақпарат берген болатын.


Бүгін Ақтөбеге келген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де чиптің орнатылу себебін түсіндірді.



«Паспорттағы чипке қатысты айтарым, азаматтардың сауаттылығын көтеру керек екенін көріп отырмыз. Оның ешқандай зияны жоқ. Зағипа Балиева Әділет министрі болған кезде ICAO стандарттарына сай болу үшін жұмыс атқарылды. «Халықаралық құжатқа чип енгізілуі керек» деген ескерту 2000 жылдары келген. Стандартқа сай болу үшін паспорт дайындау процесіне өзгеріс енгіздік. Ол банктің чипі сияқты. Онда сізге қатысты ақпарат бар. Ақпаратты әуежайдағы, басқа жерде отырған мемлекеттік қызметкерлер қарайды. «Паспорт жанымда, қайда жүргенімізді бақылап отырады» деп уайымдамаңыз. Ол қадағалау үшін жасалған нәрсе емес. Ол паспорттың халықаралық стандартқа сай екенін білдіреді», - деді Бағдат Мусин.



Сонымен бірге министр 5G-ге қатысты да түсінік берді.



«5G ағзамызға зиян деп те айтып жатыр. Айтарым – дүниежүзі қарқынды дамып келеді. Даму үшін біз де технологияға бейімделуіміз керек. Жаңа технологияны енгізуде сәл кешіксек, экономикамыз да, қауіпсіздігіміз де қалады. Сондықтан бейімделіп, алға жылжуымыз қажет. Қауіпсіздік, алаяқтардан қорғау ІІМ, ҰҚҚ секілді органдардың құзыретінде», - деді ведомство басшысы.



Айта кетейік, Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov арқылы онлайн түзету мүмкіндігіне ие болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бағдат Мусин #паспорт #чип
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Бүгін 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 19:01

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Бүгін 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Бүгін 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Бүгін 18:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);