AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бағдат Мусин әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен...

Бағдат Мусин әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Әлеумет 08.03.2022, 05:00 1,509
Бағдат Мусин әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Cурет: Inform.kz

Ақпараттық технологиялар саласында арулардың көбейіп келе жатқаны қуантады


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қымбатты арулар, сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Бүгінгі таңда қазақстандық арулар - отбасының ұйытқысы, ошақтың берекесі ғана емес, карьералық жетістіктерге жетіп, бизнесте биік белесті бағындырып, еліміздің егемендігін еңселі етуге зор үлес қосып жатқан белсенді тұлға. Ер-азаматтарға сенім артып, абырой-атаққа жету жолында үнемі қолдау көрсетіп, төзімділік пен даналықтың символына айналған әйелдер қауымына алғысым шексіз. Біздің министрлікке қарасты салаларда кезінде көбіне ер кісілер қызмет етсе, қазіргі таңда аэроғарыш өнеркәсібі, телекоммуникация, инновация, геодезия және картография саласында қыз-келіншектердің де қатары артып келеді. Ал «Азаматтарға арналған үкімет» пен ІТ-салада әйелдер қауымы басым десек те болады. Мұны жуырда Astana Hub-та сауатты спикерлер мен өз ісінің шеберлері жиналған Techno Women форумынан да байқауға болады. Осындай заманауи салаларда бәсекеге қабілетті арулардың көбейіп келе жатқандығы керемет емес пе?! Денсаулықтарыңыз мықты, бақыттарыңыз баянды болсын!»,- деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бағдат Мусин #құттықтау #Ақпарат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Кеше 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Кеше 19:01

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Кеше 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Кеше 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Кеше 18:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);