конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Азық-түліктің бағасы 15 %-ға қымбаттады

Азық-түліктің бағасы 15 %-ға қымбаттады

Әлеумет 12.04.2022, 04:29 1,262
Азық-түліктің бағасы 15 %-ға қымбаттады
Сурет: Yandex.kz

Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы наурызда 8,6%-дан 10,9%-ға дейін өсті.


Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаның маусымдық өсуіне жол бермей, алдын алу шараларын қабылдауы қажет, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы ҚР Ұлтық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты.



«Азық-түлік тауарлары инфляцияға ең көп үлес қосты, олардың өсуі 10 %-дан 15,4 %-ға дейін жеделдеді. Орамжапырақ, қант, картоп, қызанақ бағаларының айтарлықтай өсуі байқалды. Наурыздың төртінші аптасының қорытындысы бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жылдық көрсетуде 18,6%-ға дейін өскен. Бұл өсуге наурыздың екінші аптасында жекелеген азық-түлік тауарларына сұраныстың артуы айтарлықтай үлес қосты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апталық өсуі наурыздың соңғы аптасында 1,3 %, сәуірдің бірінші аптасында 0,9 % болып, тұрақтанып келеді», - деді Ұлттық банк төрағасы Үкіметтің бүгінгі отырысында.



Оның айтуынша, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы наурызда 8,6%-дан 10,9 %-ға дейін қымбаттады. Оған теңге бағамының әлсіреуі және азық-түлікке қарағанда төменірек болса да, артық сұраныстың қысымы себеп болды. Ақылы қызмет көрсету бағасы 7,1%-дан 8,3%-ға дейін жеделдеді, бұл бірқатар нарықтық қызметтер бағасының өсуіне байланысты болды.



«Проинфляциялық тәуекелдердің күшеюін ескере отырып, инфляция болжамы өсу жағына қарай қайта қаралуда. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаның маусымдық өсуіне жол бермей, алдын алу шараларын қабылдауы қажет. Өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, өңіраралық ағындарды уақытылы ұйымдастырып, елді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылау маңызды. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін баға үстемесіне тиімді бақылау жүргізу қажет», - деді Ғалымжан Пірматов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық #баға #инфляция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Кеше 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Кеше 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Кеше 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Кеше 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Кеше 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);