AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Әзіл-сықақ театрлары көп, бірақ «Тамашаның» орны е...

Әзіл-сықақ театрлары көп, бірақ «Тамашаның» орны ерекше

Мәдени Алматы 10.12.2024, 17:13 1,274
Әзіл-сықақ театрлары көп, бірақ «Тамашаның» орны ерекше
ardageruni.kz

Алматыда «Тамаша» әзіл-сықақ театрының 45 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті. 1978 жылы құрылған өнер ұжымының астарлы әзіл мен терең мағынаға толы қойылымдарын тамашалауға халық көп жиналды. Театр актерлері қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерді қалжыңға айналдырып, көрерменнің жүзін күлкіге бөлесе, ал жиналған қауым көптен сағынған өнер иелерін ұзақ шапалақпен құрметтеді.

Кеш шымылдығын театрдың белді әртістері Тұңғышбай Жаманқұлов пен Лидия Кәденова ашты. Гүлбаушан Тілеубекова, Данагүл Темірсұлтанова, Асылбек Боранбай, Марат Көккөзов, Нұржан Тұтов сынды талантты актерлер сахна төрінде ерекше өнер көрсетіп, көрермендерді күлкіге қарық қылды. Сонымен қатар, бір кездері қойылған әйгілі интермедияларын қайта сахналап, көпшілікті өткен күндерге саяхаттатты.

— «Тамаша болады» дегенді ести сала, билет алып, осында келдік. Бүгінгі кеш өте әсерлі өтті. Республика сарайына жиналған барша көрермен ерекше ностальгияға бөленді деп ойлаймын. Актерлердің өнерін көріп, ертедегі жарқын сәттер көз алдыма елестеді. Әртістерді сағынып қалыппыз, — дейді алматылық көрермен Рәзия Қыдырбайқызы.

Театрдың мерейтойлық кешінде Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова, Ұлықпан Жолдасов, Тамара Асар, Толқын Забирова сынды өнер жұлдыздары және «Дос-Мұқасан», «Үркер» топтары өз өнерлерін паш етіп, кештің сәнін келтірді.

— Қазір жас әзіл-сықақ театрлары көбейіп келеді, бірақ «Тамашаның» орны ерекше. Бүгін біздің сүйікті театрымыз қайта оралды. «Тамашаның» сахнасын қатты сағындық. Театр ұзақ жасасын! — деді халық әртісі Роза Рымбаева.

Кешке келген көрермендер ерекше әсермен тарқасып, театрдың ой саларлық әзілдері мен қалжыңдары көрерменнің жүрегінен орын тапты.

Мерейтойлық думанды кештің телевизиялық нұсқасын 31 желтоқсан күні «Jibek Joly» арнасынан тамашалауға болады.

Айта кетейік, 30 қарашадан бастап «Jibek Joly» телеарнасында аты аңызға айналған «Тамаша» театры туралы сериал көрсетіле бастады. Бұл туынды қазақ халқының ең танымал театрының тарихына шолу жасап, маңызды оқиғаларды, танымал кейіпкерлерді және есте қалған интермедиялар мен музыкалық қойылымдарды қамтиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тамаша #театр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика