AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Азия дауысы» Медеуде қайта жаңғырды

«Азия дауысы» Медеуде қайта жаңғырды

Мәдениет 28.07.2023, 15:33 904
«Азия дауысы» Медеуде қайта жаңғырды
Суреттерді түсірген: Қ.Қоныспаев

Өзінің жанкүйерлерін 20 жыл күттірген фестиваль тура бүгін, 28 шілдеде Алматыда, «Медеу» мұз айдынында шымылдығын қайта ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Үш күнге жалғасатын музыкалық мерекеның ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Мәдени шараның ашылуында ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов құттықтау сөзін сөйледі.




Сондай-ақ, жобаның басты жетекшілері әрі қолдаушылары Арманжан Байтасов пен Үміт Шаяхметова көрермендерді халықаралық фестивальмен қайта қауышуымен құттықтады.




«Министр Асхат Оралов сөзінде: «Елімізде мәдени-әлеуметтік шаралар қашан да жоғары қолдауға ие. “Азия дауысы” фестивалі де соның бірі десек қателеспейміз. Өз кезегінде іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысымды айтқым келеді. Жалпы, дарынды жастарды қолдауға мақсатында Қазақстанда жылына 30-дан астам халықаралық фестиваль өткізіледі. Олардың арасында «Жібек жолы опера және балет» фестивалі, Орталық Азия елдерінің театр фестивалі, «Көшпелілер әуені» секілді танымал жобаларды атауға болады. Баршаңызды халықаралық музыкалық фестивальдің салтанатты ашылуымен құттықтаймын», – деді.



Азияның асқақ сахнасы ең алдымен отандық өнер жұлдыздарына тиді. Өнерпаздардың көшін бастап ән аңызы – Бибігүл Төлегенова өнер жұлдыздарына және тарихи фестивальға деген батасын берді. Кейін елімізде және шетелде ауқымды аудиторияға ие жұлдыздарымыз Молданазар, RaiM, Ерке Есмахан, V$XV PRINCE, Мирас Жүгінісов, Мархаба Сәби, ORYNKHAN, Ирина Кайратовна, ZAQ қатарлылар өнер көрсетті.


Айта кетейік, фестивальдің бірінші күніне Green Case Event компаниясы жауапты болып өткізуде.


Аталмыш, ауқымды халықаралық жоба 1990 жылы дәл бүгінгі «Медеу» спорттық кешенінде әлемге өз дауысын естірткен болатын. 2005 жылға дейін ұдайы дамыған жоба әлемдік музыка индустриясындағы маңызды оқиғаға айналған. Енді міне 20 жылдық үзілістен кейін Алатау бөктерінде, Алматы төріндегі өзінің тарихи сахнасында қайта жаңырды.



Жобаны Халық банкі Tan Media Group медиахолдингімен бірге қайта жандандырып отырғанын айта кетейік. Отандық банк өзінің 100 жылдық мерей тойына орай «100 игі іс» ауқымды акциясын өткізуде.


Шара алдағы күндерде де жалғасын табады. Ертең сахнаға әлемдік жұлдыздар шығады деп күтілуде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Азия дауысы #Медеу #қайта жаңғыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Бүгін 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика