Almaty-akshamy.kz сайтының 16 қаңтардағы жаңалықтарына шолу
Алматыда дәмхана өртенді
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, өрт сөндірушілер келген сәтте «Тауфик» дәмханасының шатыры жанып жатқан. Жанып жатқан ғимараттан 7 газ баллоны сыртқа шығарылды. Автоцистерналардан өрт оқпандары дереу енгізіліп өртке қарсы гидранттарына орнатылды, судың үздіксіз берілді. 150 шаршы метр жерді шарпыған жалынды өшіру үшін 30 адам, 10 техника тартылды.
500 теңгелік автотұрақ
Бүгін Алматы әуежайы автотұрақ тарифін көтергені туралы ақпарат тарады. Енді әуе айлағына күніне екі реттен көп емес 15 минутқа тегін кіре аласыз. Мұнан басқа шлагбаумнан әрбір өткеніңіз үшін ақы төлейтін боласыз. Сонымен:
15 минуттан 1 сағатқа дейін – 500 теңге;
1 сағаттан 2 сағатқа дейін – 700 теңге;
2 сағаттан 4 сағатқа дейін – 1000 теңге;
4 сағаттан 6 сағатқа дейін – 1500 теңге;
6 сағаттан 12 сағатқа дейін – 2400 теңге;
12-ден 24 сағатқа дейін – 3500 теңге;
24 сағаттан астам, кейінгі толық және ішінара күндерге – 5 000 теңге.
«Қазақстан халқына» ақшаны кім береді?
Қордың ресурстары қайырымдылық жарналары есебінен қалыптастырылды. Қазіргі уақытта қорға 196,6 млрд теңге түскен. Оның ішінде 2 жыл ішінде Қор жалпы сомасы 90,9 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.
131 млрд теңгені 60 қазақстандық компания, 20 млрд теңгеден сәл астам соманы «Самұрық - Қазына» қоры аударған, ал 39 млрд теңге ірі донор-жеке тұлғалардан түскен. Мысалы, бірнеше күн бұрын үш құрылыс компаниясынан балалар мен жастарға протез жасау жобасын іске асыруға 500 млн теңге түсті.
Елімізге әлемдегі ең қымбат препарат әкелінді
«Золгенсманың» нарықтағы бағасы - 2 миллион 100 мың доллар тұрады. «Қазақстан халқына» қоры денсаулық сақтау саласында жалпы сомасы 103,3 млрд теңгеге 12 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасын іске асыруда.
39 препарат сатып алынды, оның 9-ы алғаш рет Қазақстанда сатып алынды, оның ішінде әлемдегі ең қымбат «Золгенсма» препараты бар. Сатып алудың жалпы сомасы 31,6 млрд теңгені құрады. Ахондроплазиямен ауыратын 10 бала сүйектің өсуін ықпал ететін инновациялық Вокссого (Восоритид) препаратын қабылдауды бастады.
Әйеліне әлімжеттік көрсеткен әнші
Рахат Тұрлыхановты 10 күнге қамау туралы қаулы заңды күшіне енді. Алматы қалалық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарады. Аталған материалды қарау барысында сот алқасы оның бұрын әйелін бірнеше рет ұрып-соққанын ескеріп, бірінші сатыдағы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді. Осылайша қаулы өзгеріп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес, Тұрлыхановқа қатысты жаза ескертуден 10 тәулікке қамауға өзгерді.
Күршімде төтенше жағдай
7 қаңтардан бастап қар мен боран тоқтамай тұрған Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 1.8-2 метрге жетті. Марқакөл және Тосқайын ауылдық округтерінің елді мекендері көлік қатынасынан ажыратылды.
Электрдің жырын айт!
Елімізде электр тарифтері қайта қаралуы мүмкін. Энергетика министрлігіне шекті тарифті көтеру туралы өтініш түскен.
«Біз бұл сұраныстың құрылымын, кейбір шығындар түрлерін арттырудың орындылығын зерттейтініміз анық. Бұрын ұлғайту жөндеу және реттеу жұмыстарына бағытталған болатын ішінара жалақымен. Шығындарды азайтуға және инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты басқа да шығындар бар екені анық, яғни егжей-тегжейлі қарастырамыз. Біз электр энергиясы тарифінің күрт өсуіне жол бермейтініміз анық», деп сендірді Энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев.
Ержан Сәденов тыңдап тұр!
Бүгін Ішкі істер министрі Instagram парақшасында өзіне қалай тікелей жүгінуге болатынын айтты.
«Ауқымды әрі жауапты істі қолға алдық. Бұл ретте ел тұрғындарының кері байланысы өте маңызды. Бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер тиімді байланыс құралы екені сөзсіз. Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жеке парақшаларымның бар екенін еске саламын. Осы парақшалар арқылы менімен байланысқа шығуға болады. Ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын», деді министр.
Стақанда да сыр бар...
Алматы полициясы есірткі курьерлері бетбелгі қою үшін кофе стақандарын пайдаланатынын айтты.
«Қаскөйлердің жалға алған үйінен, атап айтқанда, тоңазытқыштан жалпы салмағы 2 келіге жуық ұнтақты зат салынған 745 бума табылды және тәркіленді. Ұсталғандар қылмыстарын мойындап, есірткіні көп мөлшерде Алматы облысының елді мекендерінен алғандарын айтты. Күдіктілер ірі көлемдегі есірткіні кофе стақандарына жасырған», деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Күмәнділер клубында билеген мұғалімдер
Түркияда демалған екі қызылордалық мұғалім жұмыстан шықты. Шетел асқан мұғалімдер өздерінің демалысын әлеуметтік желі арқылы көрсетіп отырған. Ең сорақысы, педагогтар шетелде жүріп, бірнеше мәрте трансвиститтер клубында көңіл көтерген. Ұстаздардың бұл әрекетін ата - аналар әлеуметтік желілер арқылы көріп, ұстаздардың мектептен кетуін талап еткен.
«Ұстаздардың әрекетін педагогикалық кеңесте талқыладық, жиналысқа әдейілеп тек әйел мұғалімдерді қатыстыруды жөн көрдім. Жиналыстан кейін ұстаздар өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыздарын жазды. Ол кісілер тек ұстаз ғана емес, сонымен қатар бала тәрбиелеп отырған ана. Әріптестеріміздің мұндай әрекетке барғандары өте ұят болды», деді мектеп директоры Гүлжахан Нарбаева.