Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Австрияда қазақ тілін үйренуге қызығушылық артты

Австрияда қазақ тілін үйренуге қызығушылық артты

Әлеумет 27.04.2023, 09:31 995
Австрияда қазақ тілін үйренуге қызығушылық артты
Сурет: ашық дереккөз

Вена жүрегінде орналасқан «Edustream» тіл мектебінде Австриядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен қазақ тілі курсы және кітапхана ашылды-деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Бастапқыда мақсат, түрлі себеппен Австрияда тұратын қазақстандық балаларды қолдау болған. Алайда ерікті педагогтар жүргізетін тегін курсқа күтпеген жерде тамыры қазақ деген 19 ғасырдан бері көшіп кеткен бауырлар да келе бастады. Көбінің қаны араласып, есімі қытайша, түрікше болғанмен, олар қанша жерден жырақта, елден елге көшіп жүрсе де, қан тартып тұрады.




- Олардың тіл деңгейі әртүрлі болғанмен, қызығушылығы зор. Кейбір оқушылар қазақ тілін генетикалық тұрғыда ұмытса да, бар ынтасымен оқиды, сол арқылы түпкі тамырын тапқысы келеді. Негізі, біз кәсіби педагог емеспіз, біз еліміз бен дәстүріміздің дамуына үлес қосуды көздеген қарапайым еріктіміз. Сабағымызда «Тіл Қазына» ғылыми орталығының әдістемесі мен оқулығын қолданамыз. Тіл үйренемін деген адамға қазір оқу алаңы, сайт, арна, қосымша дегеннің түрі көп, біз солардың бәрін сабақта қолдана отырып музыка тыңдаймыз, кітап оқимыз. Болашақта оқушыларымыз қазақтың көрнекті жазушылары мен ақындарының тамаша туындыларын тамсана оқи алатындай қазақшаны жетік меңгереді деп үміттенемін - дейді ұстаздары Анар Әділбекова.



Барлық оқушы неміс тілінде сөйлейді, сондықтан дәріс немісше жүреді. «Edu Stream» мектебі сабақпен қатар Қазақстанның барлық мерекесін белсенді түрде атап өтеді. Бұл да өз кезегінде салтымыз бен дәстүрімізді насихаттаудың бір жолы. Австриядағы дипломаттарымыз оқу орталығын үнемі қолдап тұрады. Енді қазақ тіліне Еуропаның өзге елінде тұратын этникалық қазақтар қызығушылық танытқандықтан, бұл курсты жалпы еуропалық сабаққа айналдыру жоспарда бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Австрия #«Edustream» #елшілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика