AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ауылдық мектептерге жаңа автобустар беріледі

Ауылдық мектептерге жаңа автобустар беріледі

Білім және ғылым 17.05.2022, 10:26 1,705
Ауылдық мектептерге  жаңа автобустар беріледі
Сурет: Schoolbus.kz/

Еліміз бойынша 25 мыңнан астам оқушы көлікке мұқтаж.


Балалар жылы аясында елдегі ауыл мектептерінің автобус паркі 515 автобуспен жаңартылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


БҒМ мәліметінше, бұл балаларды мектепке және үйлеріне қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мектебі жоқ, шалғайдағы халқы аз ауылдарда тұратын балалар қамтылады.



«Биыл өңірлердің мектептерін балаларды тасымалдайтын жаңа көліктермен қамтамасыз ету мәселесі республикалық деңгейде шешіліп, жаңа автобустар алуға қаржы бөлініп жатыр. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын автобустармен одан әрі жабдықтау үшін Жол картасы әзірленді. Бүгінгі таңда 25 мыңнан астам оқушы көлікке мұқтаж. Сондай-ақ мектеп автобустарына жоғары қажеттілік Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы, Павлодар және басқа да облыстарда байқалады», - деді БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.



Министрлік ақпаратынша, қазіргі таңда барлығы 1 мыңнан астам мектеп автобусы қатынайды. Елімізде құрастырылған жаңа автобустар қаржылық лизинг бағдарламасы бойынша жеңілдетілген шарттармен сатып алынады. Бұл тетік ел мектептерінің барлық автобус паркін кезең-кезеңіме


Білім министрлігі балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін көліктерге қойылатын техникалық талаптарды әзірлеген. Бұған қоса, көліктер қауіпсіздік белдігі бар балалар орындықтарымен, салонда балаларды қалдыруға жол бермейтін жүйемен, кабинаның артқы жағындағы авариялық есікпен жабдықталуы керек.


Сондай-ақ оқушылардың қасында мектеп директорының бұйрығымен бекітілген арнайы қызметкер болуға тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #автобус #ауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);