Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша...

Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша ұлттық жоба әзірленді

Медицина 08.09.2022, 08:14 1,741
Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша ұлттық жоба әзірленді
Сурет: Medialnn.ru

655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерін салу жоспарланып отыр.


Денсаулық сақтау министрлігі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz cілтеме жасап.


Жобаның мақсаты - барлық ауылдық елді мекендерді бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсету тиімділігін арттыру есебінен қалалық және ауылдық денсаулық сақтау арасындағы теңгерімсіздікті қысқарту.


Жоба келесі негізгі міндеттерді шешуді көздейді:



  • Ауылдарда жетіспейтін медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар сияқты БМСК объектілерін салу.

  • Республиканың бүкіл аумағын заманауи көп бейінді ауданаралық орталық ауруханалар желісімен қамту, соның ішінде инсульт орталықтарын, кардиология, реанимация, оңалту бөлімшелерін КТ, МРТ, УДЗ, ӨЖЖ және басқа да қажетті аппараттармен жарақтандыру.


Жоба шеңберінде ауылдарда 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерін салу, реконструкциялау, қосымша жарақтандыру, соның ішінде 700 мыңнан астам ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік беретін жаңа 228 және жұмыс істеп тұрғандарының орнына 427 объект салу жоспарланып отыр.


Сонымен қатар, ауылдардағы медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар заманауи жабдықтармен жабдықталады, сондай-ақ тіркеу орны мен күту бөлмесі дизайнының бірыңғай тұжырымдамасы пайдаланылатын болады.


Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, республикада АМСК нысандарының тозуы 51,6%-ды құрайды, қазіргі уақытта 33 апатты нысан бар.


Денсаулық сақтау министрлігінің алдын ала бағалауы бойынша, бұған шамамен 126,5 млрд теңге, оның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге 9,16 млрд теңге қажет.


Жаңа медициналық нысандарды кадрлармен қамтамасыз ету үшін еліміздің 61 медициналық колледжінде 16 570 медбике мен 17 585 фельдшер дайындалады деп жоспарлануда.


Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған 12 орталық аудандық аурухананы жаңғырту және 20 жаңа көпбейінді орталық аурухананы ашу жоспарлануда, олар «алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, ауыр жарақат және басқа да жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсете алады.


Нәтижесінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді 100 мың тұрғынға шаққанда 226,9-дан 134,85-ке дейін төмендету, 4 млн-нан астам ауыл тұрғындарын сапалы, жедел және жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз ету күтілуде.


Құжат жария талқылау үшін 21 қыркүйекке дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #көмек #ауыл #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика