ffin.kz

Ауыл шаруашылығы биыл егіс науқанына ерте қамданды

Ауыл шаруашылығы биыл егіс науқанына ерте қамданды Сурет: Gov.kz

АШМ мен AMANAT партиясы көктемгі егіс науқанын талқылады.


Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов AMANAT партиясы жанындағы Аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық кеңес пен AMANAT партиясының партиялық бақылау комитетінің бірлескен отырысында сөз сөйледі.


АШМ басшысының орынбасары ағымдағы жылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу басымдыққа ие болатынын атап өтті. Осыны ескере отырып, бірінші кезекте министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп егіс алқаптарының болжамды құрылымын қалыптастырғанын жеткізді. Жалпы егіс алқабы 24,1 млн гектарды құрайды, бұл 2023 жылғы деңгейден 5,2 мың гектарға артық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 


АШМ, сондай-ақ, жемшөп дақылдарының алаңын 62,5 мың гектарға (3 200 мың га) ұлғайтуды жоспарлап отыр.


2024 жылдың өніміне 2,4 млн тонна тұқым қажет, оның 92% -ы 15 қаңтарға дейін себілді. Фермерлер 2,2 млн тонна көлемінде тұқым қорын құрды: сараптамаға 1,4 млн тонна жаздық дақылдар тұқымы түсті. Тексерілген тұқым көлемінің 79,1% кондициялы деп танылды және егіс стандартының 1 және 2 сыныптарына сәйкес келеді. Жалпы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 12,8 млрд теңге қарастырылған.


Сонымен қатар, 2024 жылы шамамен 718,8 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр, оның шамамен 400 мың тоннасы (56%) аммиак селитрасы және аммофос секілді отандық тыңайтқыштарға тиесілі. Минералды тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасына жергілікті бюджеттерде 32,5 млрд. теңге, пестицидтерді субсидиялауға 33,7 млрд. теңге бағытталған.


Ауыл шаруашылығы құрылымдарында егіс науқанын жүргізу үшін 149,8 мың трактор, 4,9 мыңнан астам өнімділігі жоғары егіс кешені, 76 мың сепкіш, 219 мың топырақ өңдеу құралдары бар. Әкімдіктердің мәліметінше, техниканың дайындығы шамамен 80% құрайды, жаппай егіс жұмыстарының басталуына техника 100% дайын болады.


Азат Сұлтанов қатысушыларды АШТӨ арзандатылған дизель отынының қажетті көлемімен қамтамасыз ететініне сендірді: қазірдің өзінде республика бойынша 340,0 мың тонна жеңілдікті дизель отынының қажеттілігімен жиынтық өтінім қалыптастырылып, Энергетика министрлігіне жөнелту кестесін бекіткен.


Сондай-ақ, АШМ облыс әкімдіктерімен бірлесіп, МӨЗ-ден өңірлерге арзандатылған дизельдік отын көлемін жөнелту бойынша шаралар қабылдайды. Энергетика министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша, өткен жылғы егін жинау жұмыстарындағыдай АШТӨ үшін баға 250 т/литрді құрайды, бұл нарықтағыдан 15% -ға төмен.


АШТӨ-ні айналым қаражатымен қамтамасыз ету үшін «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға 140 млрд теңге қарастырылған, ол арқылы 3 200-ден астам АШТӨ-ні қамту және шамамен 2 млн га алқапта егісті қамтамасыз ету жоспарланған.


Айта кетейік, өткен жылы несиені ұзартқан АШТӨ-ге айыппұл санкциялары қолданылмайды. Форвардтық сатып алу бағдарламасы жалғасады, бұл кем дегенде 194 АӨК субъектісін қаржыландыруға мүмкіндік береді.


«Құрметті әріптестер, егіс науқанын кедергісіз өткізу және өткен жылдардың тәжірибесі бойынша туындаған барлық мәселелерді жедел шешу мақсатында барлық мүдделі тараптардың қатысуымен Республикалық жедел штаб құрылады, онда проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары қаралатын болады», - деп баяндамасын түйіндеді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04