AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ауыл мектептерінің арасында II Республикалық олимп...

Ауыл мектептерінің арасында II Республикалық олимпиаданың қорытындысы шықты

Білім және ғылым 02.12.2024, 10:45 771 dulatbekova
Ауыл мектептерінің арасында II Республикалық олимпиаданың қорытындысы шықты
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен II Республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды.

Қорытынды кезеңге 486 оқушы қатысып, оның ішінде 221 оқушы жеңімпаз атанды. Бұл балалар – еліміздің ең шалғай аймақтарынан келген дарынды жастар, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Марапаттау рәсіміне Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашұлы Бекболатов қатысты.

«Оқу-ағарту министрлігі ауыл мектептерінің талантты және білімге құштар оқушыларын анықтау мақсатында республикалық олимпиада екінші жыл қатарынан өткізуде. Егер былтыр олимпиаданың бірінші кезеңіне 78 мың оқушы қатысса, биыл олардың саны 113 мыңнан асты. Бұл ауыл оқушыларының зияткерлік жарыстарға деген қызығушылығының артып, республикалық олимпиаданың мәртебесінің жоғары екенін көрсетеді. Баршаңызды жетістіктеріңізбен құттықтаймын және білім жолында жаңа табыстар тілеймін!» – деді комитет төрағасы.

«Олимпиаданың ең жас қатысушысы» номинациясы бойынша дипломдармен Павлодар облысынан Имран Құсайынов және Қызылорда облысынан Төре Балтабаев марапатталды.

«Мен 6-сыныпта оқимын, бірақ олимпиадаға 9-сынып бағдарламасы бойынша қатысамын. Біздің елде білім алып, ғылыммен айналысуға көптеген мүмкіндіктер бар екенін мақтан тұтамын. Мемлекетіміз талантты балаларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Біз үшін олимпиадалар, байқаулар ұйымдастырылады, ал үздіктер халықаралық жарыстарға жіберіледі. Мен де олимпиадалық резервтің бір бөлігі болуды, білімімді жетілдіріп, бір күні елім үшін алтын медаль ұтып алуды армандаймын!» – деп бөлісті Төре Балтабаев.

Олимпиадада барлығы 221 медаль сарапқа салынды: 117 қола, 62 күміс және 42 алтын медаль.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада 13 пән бойынша жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда үш кезеңде өтеді. Мектеп кезеңіне 99 264 оқушы қатысып, олардың 53 593-і аудандық кезеңге өтті. Облыстық кезеңде 12 000 оқушы бақ сынады, ал финалға 1000-ға жуық оқушы шықты. Соның ішінде 486 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадаға қатысты, ал 450 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша олимпиадаға қатысады. Бұл олимпиада 10-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтеді.

«Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломдар Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарының құрама командаларына табысталды.

Жеңімпаздарға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 8 ректорлық гранты табысталды: 6 грант – SDU-дан, 2 грант – Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи университетінен. Сондай-ақ, математика, физика және информатика пәндері бойынша I дәрежелі диплом иегерлері – 9-10 сынып оқушыларына Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде 2025-2026 оқу жылында білім алуға грант берілді.

Айта кетейік, олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан барлық оқушылар «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. Сонымен қатар, I дәрежелі диплом иегерлері 2025 жылғы наурыз айында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың соңғы кезеңіне қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл оқушылары #республикалық олимпиада #қорытынды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);