конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Ауыл мектебі – сапа алаңы»

«Ауыл мектебі – сапа алаңы»

Білім және ғылым 03.12.2024, 14:06 1,626 dulatbekova
«Ауыл мектебі – сапа алаңы»
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Бүгінде осы атаумен елімізде өңірлердегі шағын жобаларды қамтитын «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда.
 
ҚР Үкіметінің отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ауыл мектептерінде білім сапасын көтеру мақсатыныда қолға алынған шараларға тоқталып өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 
 
Өткен жылы Ақтөбе облысында Оқу-ағарту министрлігінің, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының және Білім беруді тұрақты дамыту қолдауымен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру жөніндегі жоба табысты жүзеге асырылды. Жобаға 12 тірек және 134 шағын жинақты мектеп, 11 мыңнан астам білім алушы мен 3,5 мыңға жуық педагог қатысты.

Жобаға қатысқан мектеп басшылары мен педагогтері цифрлық құзыреттілік пен кәсіби дамуға бағытталған арнайы курстардан өтті. Шағын жинақты мектептердің техникалық мүмкіндіктеріне қарай оқытудың 4 моделі әзірленіп енгізілді.

«Жоба аясында тірек мектептерінің материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылып, шағын жинақты мектептер пәндік және цифрлық кабинеттермен жабдықталды. Мектептер жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етілді», - деп мәлімдеді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ өткен оқу жылы Алматы облысының 50 мектебінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім сапасын арттыру мақсатында «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесіне негізделген жоба жүзеге асырылды, ал биылғы жылы Маңғыстау облысында «Отпан» жобасы басталды. Жоба 50 мектепті қамтиды, оның ішінде 35 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан. Оған барлығы 60 мың білім алушы мен 7 мың педагог қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бүгінде 8 мың мектеп бар, оның 67% ауыл мектептері, 51% шағын жинақты мектептер. Шағын жинақты мектептердің ең көп саны Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан.
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сапа #ауыл мектебі #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды ЕҚДБ президентімен Алматының инфрақұрылымын дамыту мен жаңа жобаларды талқылады

Кеше 18:04

«Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конференциясы өтті

Кеше 16:51

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

Кеше 16:47

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Кеше 16:44

Алматыда Future Makers Festival аясында АҚШ-тың Тәуелсіздік күні аталып өтеді

Кеше 16:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);