Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына...

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

Білім және ғылым 08.07.2025, 10:34 669
«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда мектептердің 70%-ға жуығы - ауылдық жерлерде орналасқан және көпшілігі шағын жинақты мектептер. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту мақсатында 2023 жылдан бастап елімізде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы қолға алынған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оның ішінде Ақтөбе облысында «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту», Алматы облысында «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру», Маңғыстау облысында «Отпан» тірек мектептерінің желісін дамыту», Ұлытау облысында «Ustaz Ulytau» сияқты өңірлік бастамалар жүзеге асырылуда.

Атап айтсақ, 2023 жылы Ақтөбе облысында 12 тірек мектеп пен 134 шағын жинақты мектеп, 2024 жылы Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тағы 10 тірек және 30 шағын жинақты мектеп жобаға қатысты. 2025–2026 оқу жылында тағы 1600 ауыл мектебі қосылады деп жоспарлануда.

Жобаны іске асырудың нәтижесінде мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңартылды, заманауи пәндік және цифрлық кабинеттермен жабдықталды, сондай-ақ, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету шешімін тапты.

Жобаның маңызды тұсының бірі  — онлайн оқыту. Оқушы мен мұғалім саны аз ауыл мектептерінде математика, физика, химия, биология және ағылшын тілі пәндерінен онлайн сабақтар өткізіледі.

«Кейбір ауыл мектептерінде бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беріп жүр. Жаңа жобаның арқасында тірек мектептерінің ұстаздары шағын жинақты мектептегі оқушыларды онлайн оқытады, яғни әр пәннен өз ісінің білікті маманы дәріс береді. Бұл балалардың білім сапасын жақсартып қана қоймай, ауыл мұғалімдерінің де кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Назипа Аюбаева.

Сонымен қатар мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетілуде: цифрлық сауаттылық курстары оқытылады, технологияларды қолдану мен оқу бағдарламаларын ауыл мектептеріне бейімдеу бойынша тренингтер өткізіледі. Бүгінге дейін 10-нан астам республикалық іс-шара ұйымдастырылған, бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл мектебі - сапа алаңы #республикалық жоба #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Кеше 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Кеше 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Кеше 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Кеше 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика