Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ауласы ғажап азамат

Ауласы ғажап азамат

Әлеумет 11.06.2024, 12:15 908
Ауласы ғажап азамат
Сурет: автор

Алматылық Ерік Дюсембаев қолына түскен кез келген заттан көз сүйсінер керемет бұйымдар жасайды. Ол үшін айналадағы заттың барлығы кәдеге жарарлық. Темірден түйін түйіп, ағаштан ою оятын шебер жігіт өзі тұратын үйдің ауласын да гүлмен көмкеріп, жасыл желекпен жайқалтып қойған.

Ол отбасындағы тұңғыш бала. Үйленген соң бөлек шығып, 2014 жылы Бостандық ауданына қарасты Радостовец көшесіндегі 4 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан пәтер алған. Айтуынша, алғаш көшіп келгенде терезесінің тұсы жай ғана бос жатқан алаң болған екен. Мұндайда қолы шебер жігіт қарап отырсын ба, жұбайы екеуі өздеріне тиесілі алақандай жерді тазалап көздің жауын алатындай шағын саябаққа айналдырыпты. Бүгінде раушан гүлдері жайнап, айналасы тастардан жасалған түрлі мүсіндермен көмкерілген алаңқай кез келгенді өзіне қаратпай қоймайды. Әсіресе, кешкі салқында ауланың жанынан өткендер тоқтап, суретке түсуден жалықпайды екен.

– Ес білгелі қалам мен қарындашқа әуес болып, бойым жеткен жердің барлығын сыза береді екенмін. Мектепте оқығанда да жеке шеберхана беріп, сол жерде мектептің тапсырысы бойынша заттар жасайтынмын. Ал жоғары сыныпқа барғанда лицейге талапкерлерді тарту үшін комиссия келіп, бізге сурет салдыратын. Сонда менің суреттерім көңілдерінен шықса керек, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының жанындағы лицейге бірден қабылдандым. Кейін колледжін оқыдым, одан кейін академияны, магистратураны бітірдім. Осылайша дәрігер болып шығатындай 12 жыл уақытымды беріп, оқуымды аяқтадым. Дипломдық жұмысымды қорғауға театрға келіп, кейін «бізде суретші болыңыз» деген ұсыныс болған соң, сол театрда қоюшы-бас суретші болып, өнер жолында 15 жылдай қызмет еттім. Сол кезде заман талабына ілесіп, нарық талабына бейімделу үшін жеке кәсіп бастаған болатынмын. Бірақ екі жұмысты қатар алып жүру қиындау болған соң, жеке кәсібімді жалғастырамын деп шештім, – дейді ол өзі жайында сұрағанымызда.

Ерік Дюсембаев – биыл «Алматы біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында өткен сайыста Бостандық ауданы бойынша «Үздік аула» байқауының Бас жүлдесін иеленген жеңімпаз.

– Бірде жұбайым екеуміз ауылдан келе жатып, жол бойындағы гүлдерге қатты қызықтық. Сөйтіп ауламызға бірден 27 раушан отырғыздық. Кейін теректер әкеліп ектік. Ауламыз әсіресе, жазда әдемі! Кейде терезеден қарап сүйсінетінім бар. Еңбектенген адам ғана арманына жетеді деп жатады ғой. Бұл жүлде біздің көп жылғы маңдай теріміздің жемісі деп білемін. Барлығы ойламаған жерден болды. Жаңалықтардан естіп, байқауға құжат тапсырған соң, құрамында депутаттар мен аудан әкімдігінің көріктендіру бөлімінің қызметкерлері бар 8 адамнан тұратын комиссия мүшелері ауламызды көруге келді. Кейін 6 күннен кейін әкімдіктен хабарласты. Бардық. Үшінші орыннан жоғары қарай жүлдегерлер анықталып, соңынан Бас жүлде деп менің аты-жөнімді атағанда қатты қуандым, – дейді жеңімпаз жігіт.

Еріктің жұбайы Салтанат та өнер адамы, яғни ол да қоюшы-суретші. Қазір Мұхамед есімді кішкентай бөпелерінің күтімімен декреттік демалыста отыр.

«Жігітке жеті өнер де аз» деген. Біз есік алдындағы тамсанбауға болмайтын әсемдіктен Еріктің қолтаңбасын көрдік. Жоқтан бар жасай алатын азаматтың алақандай ауласында бәрі бар. Шығармашылық адамы болған соң шығар, сылдырап аққан бұлақ пен субұрқақ та, сайрап тұрған құс та, сымдай тартылған арық та шағын саябақтың ішінде ерекше талғаммен үйлесіп тұр. Самаладай жарық шамдары қосылғанда бұл жер тіпті тамаша екен!   

Ендеше, көпқабатты тұрғын үй ауласын өз еңбектерімен жасыл-желекке айналдырып, Алматыдай алып шаһардың көгалдануына үлес қосып жүрген бұл жас отбасы көпке үлгі боларлықтай-ақ... 

 

P.S. Шебер жігіттің «шедеврлері» мұнымен бітпек емес. Ерік Серікұлының арманы да, алға қойған мақсаты да көп. Қазіргі таңда ол болашақта бой көтеретін киіз үй үлгісіндегі өзі тұратын үйдің макетін жасаумен айналысып жатыр. Іске сәт дейміз.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерекше аула #әдемі аула #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика