Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Әуезовтің шығармалары татар тілінде жарық көрді

Әуезовтің шығармалары татар тілінде жарық көрді

Мәдениет 02.03.2023, 09:33 1,098
Әуезовтің шығармалары татар тілінде жарық көрді
Сурет: Elorda.info

Қазақ классигі  Мұхтар Әуезовтің шығармаларының татар тіліне аударылған кітабының таралымы 100 дананы құрайды.



Татарстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтің татар тіліндегі кітабының жарық көруіне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның туғанына 125 жыл толуына орай шығарылған жинаққа «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман» атты үш шығармасы енген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 


Кездесуді ашқан Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов бұл кітаптың тарихи мұраны сақтау және елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық, тарихи-мәдени қарым-қатынасты дамыту мақсатында шығарылғанын атап өтті. Оның айтуынша, Мұхтар Әуезов ХХ ғасырдың кәсіби өнері мен әдебиетінің қалыптасуының қиын жылдарында бүкіл саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған, демократиялық әдебиет пен прогресшіл ойдың дамуына үлес қосқан, Татарстанның белгілі жазушыларымен тығыз байланыста болған.


Шараға өзінің 80 жылдық мерейтойын тойлап жатқан классиктің ұлы Мұрат Әуезов қатысты. Белгілі мәдениеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері әкесінің өмірі мен қызметі, татар мәдениетінің көрнекті өкілдерімен достығы, педагог, публицист, ағартушы, қазақ мәдениетінің үш көрнекті өкілі Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров және Мұхтар Әуезовтің жары болған анасы Фатима Ғабитова туралы айтты. Мұрат Әуезов әкесінің шығармаларын өзге тілде түсіну қиын екенін айта келе, олардың татар тіліне тамаша аударылғанына ризашылығын білдірді.


Кітапты татар тіліне аударған Қазан федералды университетінің Филология және мәдениетаралық коммуникациялар институтының доценті Гүлфия Гайнуллина аталған үш шығарманың кездейсоқ таңдалмағанын айтты. Себебі, 1968 жылы «Қараш-қараш оқиғасы», 1973 жылы «Көксерек» фильмдері түсірілді.


Филология ғылымдарының докторы, профессор, Татарстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Хатип Миннегулов қазақ және татар халықтарының ежелден келе жатқан және тығыз мәдени байланыстары туралы айтты. Ол ХХ ғасырдың басында Мұхтар Әуезов оқыған Семейде халықтың жартысы татарлар болғанын, қазақ әдебиетінің болашақ кемеңгер тұлғасының қалыптасуына татар мәдениетінің ықпал еткенін еске алды.


Шараны қорытындылай келе, оның қатысушылары Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасы әлемдік әдеби процестің елеулі құбылысына айналғанын, қазіргі заманда да өзектілігін сақтайтынын, жазушы ұлттық мәдениеттің ғана емес, әлемдік мәдениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқанын атап өтті.


Қазақ классигі шығармаларының татар тіліне аударылған кітабының таралымы 100 дананы құрайды. Алдағы уақытта кітап Қазан қаласының және Татарстанның басқа облыстарының мұражай, мұрағат және көрме қорларына түседі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұхтар Әуезов #кітап #татар тіліне аудару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нөсерден кейін Алматы коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді

Бүгін 09:30

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Бүгін 09:22

Қазақстандағы ең бай әйел...

Бүгін 09:00

Бүгін бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:45

Алматыда Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған «Сағындырған әндер-ай» концерті өтеді

Бүгін 08:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика