Ауданда 2 мың орындық жаңа мектептің құрылысы басталды

Ауданда 2 мың орындық жаңа мектептің құрылысы басталды Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мектеп ғимараты Құлжа тас жолының оңтүстігінде орналасқан.


Бұған қоса 1500 орындық 2 жеке меншік мектеп салу жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
 
«2023 жылы №48 мектептің 250 орындық қосымша құрылысын реконструкциялау және №131 мектепті сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында Құлжа тас жолының оңтүстігінде 2 мың орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар, осы  жылы «Думан» шағын ауданында (1200 орын) және Халиуллин көшесінде (300 орын) 1500 орындық 2 жеке меншік мектеп салу жоспарланған. Жобаларды іске асыру мерзімі – 2024-2025 жылдар. Сондай-ақ, биыл №35 мектепке 300 орындық, №99 мектепке 250 орындық және №131 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс салу жоспарланған», деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен кездесуінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:46

17:03

16:47

16:12

15:15

14:50

14:04

12:11

11:45

11:01

10:03

09:40

09:09

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12