конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионаты...

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Спорт 23.04.2026, 19:08 438
Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Талдықорғанда тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру қабілеті төмен және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Елдің үздік паражүзушілерін жинаған жарыс отандық спорттағы жаңа есімдерді анықтауға мүмкіндік берді.

Жарыста Атырау облысының өкілі Айнель Бекназарова жарқын өнер көрсетті. Ол бірнеше дисциплинада жоғары нәтиже көрсетіп, бірден үш алтын медаль жеңіп алды.

Айта кету керек, бұл Айнель үшін алғашқы ірі жарыс болды — ол паражүзумен небәрі үш ай ғана айналысып келеді. Соған қарамастан, спортшы жоғары дайындық деңгейі мен төзімділігін көрсете алды.

Спортшының айтуынша, ең қиын сынақтардың бірі брасс әдісі болған. Алайда жаттықтырушысы мен анасының қолдауы оған толқуды жеңіп, жақсы нәтиже көрсетуге көмектескен.

«Мен үшін ең қиын болғаны — брасс. Бірақ жаттықтырушым мен жанымда болып, қолдау көрсеткен анамның арқасында барлық қиындықтарды еңсеріп, нәтижеге қол жеткіздім», — деді Айнель Бекназарова.

Айнель алдағы уақытта да тоқтап қалмай, паражүзуде дамуын жалғастырып, халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғауды мақсат етіп отыр.

Сонымен қатар, Айнель Бекназарова «Біз де адамбыз» қорының әлеуметтік бастамаларына қатысушы болып табылады. Жоба «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға өз күшіне сеніп, қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#чемпионат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы қалалық жастар фестивалінде қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылды

Бүгін 16:57

Gran Fondo World Championship: Алматыда жексенбі күні көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 16:16

Сегіз алтын және бірінші орын: Алматы IV Спартакиадада көш бастады

Бүгін 15:24

Белсенді сайлау науқаны Құрылтай сайлауындағы қатысу белсенділігін арттыруы мүмкін – сарапшы

Бүгін 15:15

Өңірлік сайлаушының талғамы әркелкі: сарапшы партиялық науқандардың жаңа логикасы туралы

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);