конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Атыраулық оқушы қамысты құрылыс материалы ретінде...

Атыраулық оқушы қамысты құрылыс материалы ретінде пайдалануды ұсынды

Білім және ғылым 06.08.2023, 05:49 1,384
Атыраулық оқушы қамысты құрылыс материалы ретінде пайдалануды ұсынды
Сурет: Wikistroi.ru

Осы арқылы жас өрен қамыс өртін азайтуға болады дейді.


Жас өнертапқыш  қамысты құрылыс материалы ретінде пайдаланып, кәдеге жаратуды ұсынып отыр. Сол арқылы қамыс өртінен келетін қауіпті азайтып, экология мәселесін реттеуге жол ашылады дейді ол. 


24.kz арнасының ақпаратынша, Жанель Шайдолла қамыс өрті жиі болатын Дамбы ауылдық округінде тұрады. Теңіз жағасындағы қамыс жанса, алдымен осы елдімекен тұрғындары әбігерге түседі. Биыл 10-сыныпқа баратын жас өнертапқыш бұл мәселені зерттеп, шешу жолын тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бірнеше апта бұрын қамыс өрті болған еді. Оның әсерінен қоршаған ортаға, адам денсаулығына зиян келді. Бұл жайт бірнеше рет қайталанып отыр және осы жайттың алдын алу үшін осылай қамыстан шатыр жасауға болады. Яғни яғни осылайша бұл проблеманы шеше аламыз. Қоршаған ортаға емес, су ресурсына да зиян келтіріп отыр. Осы бірнеше апта бұрын болған жайтта 167 рет 500 тоннадан астам су осы өртті сөндіруге кеткен», - дейді жас өнертапқыш Жанель Шайдолла. 



  Шетелде қамыс құрылыс материалы ретінде көп қолданылады. Бұдан шатыр дайындауға болады. Тіпті қамыс араластырып құйылған бетондардан үйдің қабырғасын да тұрғызып жатады. Оны экспорттап, табыс көзіне айналдыруға болады, дейді оқушы. Осылайша қамыс өртінен құтылуға мүмкіндік туады. Жанельдің бұл бастамасы жетекшілеріне ұнаған. Енді ол өз жобасын жетілдіруді жоспарлап отыр. 



«Құрылыс материалдарды өзіміз жасап, неге өзіміз қолданбасқа немесе экспортқа шығармасқа деген идея келді бізге. Жалпы ата-бабаларымыз осы уақытқа дейін қамысты үй жасауда қолданған, одан бөлек ши тоқыған, мал азығы ретінде қолданған деген секілді көптеген пайдалы жақтары бар. Қамыстан жасалған бетондар, плиталар өте тиімді болып саналады. Үйге термотиімділік береді. Жазды салқын, қыста жылы болады», - дейд тәлімгер Нұргүл Имамұратова. 



Атырау аумағында соңғы рет ірі қамыс өрті 10 күн бұрын тіркелді. Жанельдің жобасы терең зерттелсе, күрмеулі мәселені шешуге көмегі тиетіні сөзсіз. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қамыс #жоба #құрылыс материалы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды ЕҚДБ президентімен Алматының инфрақұрылымын дамыту мен жаңа жобаларды талқылады

Кеше 18:04

«Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конференциясы өтті

Кеше 16:51

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

Кеше 16:47

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Кеше 16:44

Алматыда Future Makers Festival аясында АҚШ-тың Тәуелсіздік күні аталып өтеді

Кеше 16:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);