AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атырауда ту теріс ілінген

Атырауда ту теріс ілінген

Оқиға 20.10.2025, 09:58 839
Атырауда ту теріс ілінген
Видео кадры

Атырауда ту теріс ілінген. Тұрғындар мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік танытқандарға наразылық білдірді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz Azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, ту бұл күйде бірнеше сағат бойы ілініп тұрған. 

Қала мен облыстың символы саналатын флагшток қала әкімдігінің балансында. Алайда тұрғындар оның жай-күйін ешкім дұрыс қадағаламайтынын айтады. Әлеуметтік желілердегі қызу талқылаудан соң ту алынды. Дегенмен қолданушылар бұл немқұрайлыққа жол бергендерді анықтап, жауапқа тартуды талап етті.

"Бұл жай ғана шүберек емес - бұл елдің символы. Мұндай жайтқа бейжай қарауға болмайды", - деп жазады тұрғындар.

Атырау әкімдігі жағдайға пікір білдірді. 

"17 қазанда туды көтеру барысында мердігер ұйым қызметкерлері техникалық қателік жіберген, ту теріс ілініп кеткен. Бұзушылық жедел анықталып, ту талаптарға сәйкес орнатылды. Бұл құқықбұзушылық дерегі бойынша мердігер ұйымның қызметкері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 458-бабы ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада. 

Бұл бапқа сәйкес, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - 184 600 теңге (жеке тұлғалар үшін) айыппұл көзделген. Дәл осындай жаза мердігер ұйым қызметкеріне қолданылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау облысы #ту #оқыс жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);