AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атырауда жыл басынан бері камераның көмегімен 111...

Атырауда жыл басынан бері камераның көмегімен 111 қылмыс ашылған

Оқиға 14.06.2022, 03:41 1,183
Атырауда жыл басынан бері камераның көмегімен 111 қылмыс ашылған
Cурет: Inform.kz

Полицияның сервистік моделі енгізілген


Атырауда жыл басынан бері камерамен көмегімен 111 қылмыс ашылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің штаб басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Алтынбек Қайырлиевтың айтуынша, Атырау қаласының аумағында 3 507 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде 759-ы жедел басқару орталығына тиесілі болса, «Сергек» желісінде 1 997, ал, «Интеграция» жүйесінде 750 камера бар.



«Бейнекамералар көлік қозғалысының жүрісін жедел бақылап, қауіпті жағдайлардың алдын алуға, құқық бұзушылықтың ізін суытпай анықтауға ықпал етеді. Көшедегі камералардың полиция жұмысының тиімділігінің арттыруға, түрлі қылмыстың жедел ашылуына тигізер көмегі зор. Мәселен, жыл басынан бері жедел басқару орталығының бейнебақылау кезекші-инспекторлары 111 қылмысты әшкереледі. Ал, Жылыой ауданында 2 қылмыс «ізі суымай» ашылды», -дейді Алтынбек Қайырлиев.



Оның мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері аталған камералардың көмегімен 8 671 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Құқық бұзушылықтың 7 522-сі Атырау қаласының аумағында, 1 149-ы Жылыой ауданында тіркелген.
Биыл Атырау облысында «102» операторына 42 260 қоңырау түскен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында полицияның сервистік моделі енгізілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#камера #қылмыс #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);