Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атырау облысындағы бүтін бір отбасының өлімі: ұлы...

Атырау облысындағы бүтін бір отбасының өлімі: ұлы мен қызы жер қойнына тапсырылды

Оқиға Бүгін 14:25 35
Атырау облысындағы бүтін бір отбасының өлімі: ұлы мен қызы жер қойнына тапсырылды
Атырау облысы ПД

Атырау облысында жоғалған отбасының ұлы Наурыз Мұқанғалиев пен қызы Мирамгүл Қарабилина жер қойнына тапсырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бауырлардың жаназасы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында өтті. Марқұмдармен қоштасуға ауыл тұрғындарының басым бөлігі жиналған.

"Ағасы мен қарындасы қарапайым, мейірімді жандар еді. Әрдайым барымен бөлісуге дайын болатын. Ешкімге жамандық жасаған жоқ. Екеуін де ата-анасының жанына жерледік", – деді туыстарының бірі.

Еске салайық, Атырау облысында жоғалған отбасының ұл-қызы да өлі табылды.

Басылым мәліметінше, қала маңындағы Геолог шағынауданынан Жангелдин ауылының жоғалған тұрғындары - Наурыз және Мейрамгүл өлі табылған.

"Олар бұрын күдікті Сұлтан Сарсемалиев әйелімен бірге жалдап тұрған үй ауласынан табылды. Кеше Сұлтан мен оның әйелі Ақбаян Алматыға жеткізілді. Алматыда Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, бұған дейін Геолог шағынауданында жалдап тұрған үйдің ауласына мәйіттерді көмгенін айтқан", - деп жазылған басылым дерегінде.

Осы ақпаратты алғаннан кейін Атырауда тергеушілер айтылған учаскені тағы да зерттеп, олардың денесін тапқан. Ал Атырау облысы Полиция департаменті ақпарат кейінірек берілетінін мәлімдеді.

Отбасы туралы не белгілі?

66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы жұбайы Атырау облысының Жангелдин ауылында тұрған. Туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптының үшінші топтағы мүгедектігі болған және мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың үш баласы бар - екі қызы мен бір ұлы.

2025 жылдың 25 желтоқсанында полицияға туыстары отбасы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің ағасы, оның жұбайы және екі ересек баласы, яғни 32 жастағы ұлы Наурыз бен 35 жастағы қызы Мейрамгүл қарашадан бері байланысқа шықпай жүргенін айтқан.

Кейін отбасы үйінен шығып кеткені, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмағаны белгілі болды.

6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау облысы #жерлеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ІІМ электр самокаттарына жаңа тіркеу нөмірін тағайындайды

Бүгін 16:00

Forbes тізіміндегі қазақстандықтар кім?

Бүгін 15:51

Алтынкөлде ер адамға көмектеспек болған құтқарушы қаза тапты

Бүгін 15:43

Эндокринолог неге жастар арасында диабет жиілеп бара жатқанын түсіндірді

Бүгін 15:22

Референдум 2026: Сіз қаншалықты дайынсыз?

Бүгін 15:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика